Осы және басқа қателіктерден аулақ болу үшін Сізге бизнес-жоспар құру немесе кәсіпорын
жұмысының жоспары, сонымен қатар, жақсы бухгалтерлік есепжәне уақытында алынған білікті
маманның кеңесі кӛмектеседі.
Кҽсіпорын қҧру
Жеке бизнесті құрудың түрлі жолдары мен мүмкіндіктері бар. Жеке кәсіпорын ашып оның негізін
салуға болады. Құрылған кәсіпорында серіктес болуға да болады. Қосымша жол - франчайзинг
негізінде бизнес құру. Басқа мүмкіндік – қолданыстағы кәсіпорынды немесе ондағы үлесті сатып
алу.
Жаңа ұйым құру ӛз ісіңді нӛлден бастауды білдіреді.
Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
12
Сіз ең алдымен нарықты жаулап алып, содан кейін ондағы жағдайыңызды нығайтуыңыз керек.
Сіз клиенттер мен жабдықтаушылармен байланыс орнатып, қызметкерлер штатын құруыңыз,
жақсы пікірге ие болуыңыз керек.
Егер Сіздің қаржылық мүмкіндіктеріңіз шектеулі болса, жылжымайтын мүлікті және тиісті
жабдықты жалға алу нұсқасын қарастыру қажет.
Жаңа кәсіпорынның іргесін қалау тек тәуекелдермен шектелмейді. Тәуекелдермен қатар Сіздің
толық талғамыңызға сәйкес келетін кәсіпорынды құру мүмкіндігіңіз пайда болады. Әбден болуы
мүмкін бастапқы қиындықтарды Сіз жеңе аласыз, кӛпшілігі бұл қиындықтарды жеңе білген.
Кәсіпкерге қойылатын талаптар ӛте жоғары. Әсіресе қалыптасу сатысында кәсіпкер
психологиялық және физикалық жүктемелерге кӛп ұшырайды. Кәсіпкерлердің барлығы бұған
шыдай бермейді. Мұндай жағдайда осындай жүктемені бӛлісе кӛтеретін серіктес табу ең
дұрысы болып табылады.
Бірлескен кәсіпорын құрудың бірқатар артықшылықтары бар:
Жауапкершілік пен тәуекел серіктестерге тең бӛлінеді. Тӛрт кӛз екі кӛзге қарағанда жақсы
кӛреді, ал тӛрт қол екі қолға қарағанда кӛбірек жұмыс жасай алады. Сіз міндеттерді
бӛлісіп, ортақ мүдделерді ұсына аласыз.
Сіздің клиенттермен байланыстарыңыз қосылады, Сіздердің кәсіби білімдеріңіз бір-бірін
толықтырады. Бір серіктес техникалық салады, ал екіншісі экономика саласында мол
тәжірибеге ие болса, сәтті үйлесім табады. Егер серіктестер бірін-бірі кәсіби
біліктіліктерімен толықтырса бірлескен жұмыс сәтті шығуы мүмкін.
Серіктестік үшін маңызды аргумент кәсіпорынды қаржыландыру болып табылады.
Саудадағы, кәсіптік саладағы және ӛндірістегі капитал кӛлемі үнемі ұлғайып отырады.
Кӛбінесе бір адам жаңа кәсіпорын ашу үшін қаржыландыруға шамасы жетпейді.
Серіктестің кӛмегімен аталған жағдайды жеңілдетуге болады.
Егер сіз серіктеспен бірлесе отырып дербестік жолына түскіңіз келсе, Сіз неке қиған
уақыттағыдай, серіктестің Сізге лайық екендігіне кӛз жеткізуіңіз қажет. Сіздің кәсіпорынның
табысы енді тек Сізге ғана емес, Сіздің серіктесіңізге де байланысты. Сенім, ынтымақтастыққа
деген ниет, «бір толқындағы жұмыс» серіктестік үшін маңызды алғышарттар болып табылады.
Дербес істі ашуға деген ортақ тілек жеткіліксіз болып табылады. Егер Сіз бірнеше жылдан кейін
«сынық астаудың» жанында тұрғыңыз келмесе, ӛзіңіздің орташа және ұзақ мерзімді тәртіптегі
кӛзқарасыңызды келісіп алғаныңыз дұрыс. Бұл, мысалға, стратегиялық маңызды инвестициялық
шешімдерге қатысты. Егер үлкен салым талап етілетін болса, барлық серіктестердің жеке
шығындары қысқартылуы тиіс. Бір құрылтайшы пайдадағы ӛз үлесінің бӛлігін алып, ал екіншісі
оны қаржыландырса, немесе бір құрылтайшы ӛзіне жиі демалыс жариялап, ал біреуі ӛзін
кәсіпорын үшін құрбандыққа шалатын болса, іс ілгері баспайды.
Қызметтік автокӛліктер немесе іссапар шығындары және т.б. туралы даулар жататын осындай
ұсақ-түйектер әдетте құрылтайшылардың серіктестігін бұзады.
Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
13
Достарыңызбен бөлісу: |