Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
14
франчайзер франчайзидің адал емес әрекеттерінен ӛз бизнесінің ноу-хау жоғалтуы
мүмкін (ӛндірістің, ӛнертапқыштың құпиясы)
Бұл тәуекелдердің барлығын франчайзи таңдауда және франчайзинг шартын жасауда
ескеру қажет.
Франчайзингтің негізгі сәттері:
Бірегей саудалық ұсыныс. Франчайзинг саласында жетістікке жету үшін бизнестің ӛзіндік
ноу-хау болуы тиіс. Сонымен қатар, бизнесті тұрақты дамыту қажет.
Тауар белгісі немесе басқа зияткерлік меншік тіркелген болуы тиіс. Бұл сіздің зияткерлік
меншігіңізді, демек бизнесіңізді қорғаудың сенімді жолдарының бірі.
Бизнесті жүргізудің сәтті технологиясы. Идеяны франшиза ретінде сатуға болмайды.
Адамдар сіздің бизнесіңіздің сәттілігін кӛруі тиіс.
Компанияны дамытудың және тауар белгісінің тарихы. Сіздің компанияның даму тарихы
неғұрлым ұзақ болған сайын Сіздің франшиза да тартымды болады.
Бизнестің сипаты. Бизнесті жүргізудің тек сипатталған технологиясы
франчайзиге берілуі
мүмкін. Бұл франчайзидің франчайзер қағидаларын орындауын бақылауға кӛмектеседі.
Франчайзи бизнесінің жеткілікті маржасы. Әрине, егер болашақ франчайзи табыс табу
мүмкіндігін кӛретін болса франшиза тартымды болмақ.
Дайын франчайзингтік пакет. Бұл франчайзинг шарты, сауда белгісінің сипаты,
франчайзиге арналған қағидалар, франчайзиді қолдау тәсілдері және т.б.
Франчайзи мен оның қызметкерлерінің франчайзингті іске қосуға дайындығы.
Франчайзердің компаниясында франчайзинг жүйесін енгізетін және басқаратын дайындалған
қызметкерлер болуы тиіс.
Ҧсынымдар:
Пайда табудың айрықша мүмкіндіктерімен алдауға жол бермеңіз, одан да серіктесті
таңдауда мұқият болыңыз;
Пилоттық кәсіпорындар туралы ақпарат алыңыз;
Франчайзер туралы
ақпарат жинаңыз;
Сіздің консультантыңызға, қорғаушыңызға немесе салық жӛніндегі маманыңызға шартты
және тиімділік болжамын тексеруге мүмкіндік беріңіз;
Барлық шығындарды алып тастағанда не қалатынын «Үшкір ұшталған қарындашпен»
есептеңіз.
Кҽсіпорынды сатып алу
Ӛз ісіңізді ұйымдастырудың бір жолы ретінде қолданыстағы кәсіпорынды сатып алу мүмкіндігін
қарастыруға болады, бірақ дәл лайықты нұсқаны табу мүмкіндігі аз.
Сатып алу мүмкіндігі фирма иегерінің жеке немесе денсаулығына, сонымен қатар
экономикалық қиындықтарға (мысалға, тӛлем қабілетіне қатер тӛнгенде) байланысты
себептермен басқа ӛңірге қоныс аударуы кезінде пайда болады.
Бірақ кез келген кәсіпорын сатып алуға лайық емес және кез келген сатып алу сәтті бола
бермейді. Жаңа кәсіпорын ашқанда немесе иелік етуге кіріскенде кәсіпкердің ӛзі табыстың
маңызды факторы болып табылады. Сіздің алдыңыздағы адам ие болған біліктілік пен
тәжірибеге жету үшін ӛзіңізбен табанды жұмыс жасаңыз. Кәсіпорын ӛз бетімен жұмыс істемейді.
Тіпті жақсы ұйымдастырылған (басқарылатын) кәсіпорында да қол жеткен деңгейді сақтап қалу
үшін кәсіпкердің үлкен еңбегі талап етіледі.
Елеулі кеңес: ұсынылатын кәсіпорынды мұқият зерттеңіз. Бұл ретте келесі ӛлшемдерге назар
аударыңыз:
• Кәсіпорынды
сату себебі
Сізге иесі баяндаған себептердің (денсаулық жағдайы, жасының ұлғаюы немесе жеке себептер)
растығына кӛз жеткізіңіз. Мұның артында экономикалық қиындықтар немесе күшті бәсекелестер
тұруы мүмкін. Кәсіпорын клиенттерінің қолданыстағы картотекасы бар ма?
Б И З Н Е С С А Б А Қ Т А Р Ы У Р О К И Б И З Н Е С А
www.palata.kz
контакт-центр 59-79-60
15
• Кәсіпорынның клиенттері
Жаңа кәсіпорынды ашуға қарағанда қолданыстағы кәсіпорынға иелік етудің үлкен
артықшылықтарының бірі - кәсіпкердің тірек болатын клиенттерінің болуы. Тұтынушылар саны
ауқымды болып, бір клиентке тәуелділік аз болған сайын табысқа жету мүмкіндіктері де
соғұрлым жоғары болады. Бұрынғы клиентураны сақтап қалу және жаңаларын іздеп табу үлкен
ӛнер болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: