Симуляциялық Орталық



Дата01.06.2024
өлшемі61,61 Kb.
#203067
Байланысты:
gipertoniyaly-kriz-kezinde-diagnostika-zh-ne-zhedel-medicinaly-k-mek-k-rsetu








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»



Симуляциялық Орталық



Алгоритм




Редакция: 1







"Гипертониялық криз кезінде диагностика және жедел медициналық көмек көрсету"



Қадам

Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері

1

Науқаспен байланыс орнатыңыз (вербальды және вербальды емес компонент)

Пациентпен амандасып-танысу,
науқастың атын сұраңыз және көзбен байланыс орнатыңыз.

2

Шағымдарды нақтылау

Симптомдардың үштігін анықтаңыз: бас ауруы, бас айналу, жүрек айну;
Қосымша белгілерді анықтаңыз. Ашық сұрақтардан жабық және балама сұрақтарға өте отырып,техниканы қолдана отырып ақпарат жинаңыз.

3

Ауру анамнезін нақтылау

Жағдайдың нашарлауын немен байланыстырасыз? Қан қысымының көтерілуі бұрын болды ма ?
Қан қысымының әдеттегі және максималды көрсеткіштері қандай?
Қан қысымының жоғарылауы субъективті түрде қалай көрінеді?
Науқас тұрақты антигипертензивті терапияны алады ма? Қандай препараттар қолданады? Күнделікті ұмытпай қабылдайды ма ? Симптомдар қашан пайда болды және криз қанша уақытқа созылады (минут, сағат)?
Бұрын криз кезінде қандай препарат қолданады?
Кризді өз бетінше тоқтату әрекеттері болды ма және қалай?

4

Өмір анамнезін нақтылау

Анамнезінде инсульт болған ба және бүйрек пен жүректің созылмалы аурулары бар ма? Тұқымқуалаушылық аурулары, жарақаттар мен операциялар, жаман әдеттер, аллергоанамнез жайында сұрау

5

Қарап тексеруге келісімін алу

Пациенттен қарап тексеруге бола ма деп сұрау

6

Қолды өңдеңіз, бір реттік қолғапты киіңіз

Қолыңызды гигиеналық тәсілмен өңдеңіз, бір рет қолданылатын қолғапты киіңіз

7

Жалпы жағдайын және өмірге маңызды ағзалар функциясын бағалау

Жалпы жағдайды және өмірге маңызды ағзалар функциясын бағалау: - есі (қозу, естен тану, ес-түссіз), - тыныс алу (тахипноэның болуы);
Визуалды түрде бағалау: - науқастың төсектегі қалпы (жатыр, отыр, ортопноэ); - терінің түсі (бозғылт, гиперемия, цианоз және ылғалдылық) - мойын тамырлары (тамырлардың ісінуі, көрінетін патологиялық пульсация); - перифериялық ісінудің болуы

8

Артериальды пульсты анықтау

Артериялық пульсті екі қолдан да өлшеу ережелері мен техникасына сәйкес өлшеңіз, пульстің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.

9

АҚ өлшеуді ережелер мен техниканы сақтай отырып көрсету

Қан қысымын Коротков әдісі бойынша , қан қысымын өлшеу ережелері мен әдістерін сақтай отырып, екі қолдан да өлшеңіз.

10

Біріншілік терапевтикалық көмек көрсету

Пациенттің басын көтеріңкі қалпында жатқызу.
Таза ауа келуін қамтамасыз ету (кислородпен қамтамасыз ету)

11

Прекардиальді аймаққа зерттеу жүргізу: жүрек пальпациясы

Прекардиальды аймақты зерттеу:
- пальпация (жүрек ұшы түрткісін табу, бағалау, оның локализациясы анықтау)

12

Жүрек аускультациясын тыңдау реттілігі мен ережелеріне сай жүргізу

Жүрек аускультациясын тыңдау реттілігі мен ережелеріне сай жүргізу

13

Жүрек перкуссиясын реттілік мен ережелеріне сай жүргізу

Сол жақ салыстырмалы жүрек шекарасының ұлғаюы бар ма анықтау мақсатында перкуссия жасап көрсету (манекенге)

14

Өкпе аускультациясын жүргізу

Салыстырмалы өкпе аускультациясын тыңдау реттілігі мен ережелеріне сай жүргізу

15

Қажетті аспаптық зерттеулерді тағайындаңыз

ЭКГ түсіруді тағайындау, ЭКГ результатына интерпретация жасау (Сол жақ қарынша гипертрофиясы белгілері)

16

Алдын ала болжама диагноз қойыңыз

ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес алдын ала диагноз қою.



17

Пациентке диагнозы мен жағдайы туралы түсіндіріп айту

Алынған ақпаратты жинақтап, пациентке түсіндіру.
Қажет болған жағдайда жедел жәрдем бригадасын шақыру



18

Медикаментозды көмек көлемін анықтау

Жағдайға байланысты АҚ-ның төмендеу қарқынын және препараттарды енгізу жолын анықтау қажет.
АҚ төмендеуі біртіндеп жүзеге асырылады – алғашқы сағатта 15-25% - ға дейін,келесі 2-6 сағатта ≤160\110 мм рт.ст. төмендету керек . 12-24 сағат ішінде қалыпты жағдайға келтіру маңызды. Алдымен пероральді гипотензивті дәрілік заттар қолданылады (бір препараттан басталады): қарсы көрсетілімдер мен индивидуальды төзімсіздік болмаған жағдайда нифедипин 10 мг немесе каптоприл 25 мг. Тахикардия болса / бисопролол 5 мг / метопролол 25 мг тағайындауға болады (қарсы көрсетілім болмаса)

19

Өмірге маңызды ағзалар функцияларына мониторинг жасау

Әрбір 15-25 мин сайын АҚ, ЖЖЖ, пульсоксиметрмен сатурациясын бақылау

20

Пациентті ары қарай жүргізу тактикасын анықтау

Стандартты пациенттің жай-күйі жайында, режим мен диетасы, емі және криздік жағдай қайталанған жағдайдағы іс-әрекеті жайында түсіндіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет