PR (public relations) — фирма аса сәтті жұмыс жасау үшін және оның беделін арттыру
мақсатында қоғамдық пікірді ұйымдастыру.
Қоғамдық пікірді құрудың негізгі әдістері
• Жаңалықтар немесе пресс-релиздер баспа ӛкілдерімен берілетін бір- екі бетті кӛлемдегі
баспа ақпаратын танытады.
• Демеушілік қолдау
• Мақалалар. Мақалаларда пресс-релиздерге қарағанда нақты ақпарат беріледі.
Кәсіпкерлердің бірде-бірі маркетинг құралдарын жекелей қолданбайды. Маркетингті саясат
жеке құралдарды – «аралас маркетинг», немесе «маркетинг-микс» деп аталатындарды
парасатты және құрылымды қолдануды талап етеді. Маркетинг құралдарының ішінен бірі
нарықта сәйкес позицияға байланысты үнемі үстем мәнге ие. Маркетинг құралдарын келісімді
қолдану қажет.
Маркетинг – бұл сіздің ұзақ мерзімді міндетіңіз. Нарық үнемі ӛзгеріп отырады. Клиенттердің
тірегі, нарық жағдайлары ӛзгереді, жаңа бәсекелестер табылады. Сіз нарықты зерттемей,
жетістікке қол жеткізе алмайсыз. Сізге ӛзіңіздің айналаңыз туралы ақпарат қажет:
клиенттер туралы ақпарат,
бәсекелестер туралы ақпарат,
нарық жағдаяты туралы ақпарат,
техникалық даму туралы ақпарат.
Нарық дамуын бақылаңыз және Сіздің кәсіпкерлік саясатыңызды сәйкес ӛзгеріске бағыттаңыз.
Ӛзіңіздің ісіңіздің нәтижелерін бақылауда ұстауыңызды еш уақытта ұмытпаңыз. Осылайша, Сіз
ӛзіңіздің шешіміңіздің дұрыс-бұрыстығын түсіне алатын боласыз және мүмкін болатын қателерді
ұғына аласыз.