– бұл сіздің бизнесіңізді арттыруға арналған несие. Жаңа
жабдық, үй жай, шикізат, тауар сатып алу – бұлардың барлығы сіздің бизнесіңіздің құрамы және
олар несие есебінен қаржыландырылуы керек.
Әрине, қарызгер барынша тӛмен пайыздық мӛлшерлемеден және оңтайлы талаптарынан
шығатын несиені таңдайды.
Несиенің басты басымдылығы бірден сіздің тілегіңізді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл –
автокӛлік сатып алу немесе сіздің жеткізушіге тауарына тӛлеміңіз болуы мүмкін. Алайда несие
алу банк орнатқан белгілі бір жосықтармен байланысты. Мұнда банк заңға қайшы келетін басқа
ештеңе талап етуге құқығы жоқ.
Несиені қамтамасыз ету
Банкпен келіссӛздер жүргізу барысында Сіз ешбір несие сәйкес салықтық қамтамасыз етусіз
берілмейтіндігін кӛресіз.
Алайда қандай жағдайда несиемен қамтамасыз етілгеннен гӛрі Сіздің несиені тӛлеу
қабілеттілігіңіз маңызды.
Несиені қалай қамтамасыз етуді ұсына аласыз?
Ғимарат
Несие берушіге қарызды қамтамасыз ету иелігін беру.
Шығын туындаған жағдайда жеке кепілгерлік.
Несиені кепілдендіру бойынша қоғамнан шығын туындаған жағдайдағы кепілгерлік
(Қазақстанда әлі жоқ).
Аудандық, облыстық, республикалық кепілгерлік ұйымдар.
Сіздің ұсынып отырған несиелік қамтамасыз етулеріңіз ӛтімді, яғни нарықта жүзеге асырылатын
болуы керек
Бҧл туралы ойланыңыз:
Кепілгерлік қызметтер, ережеге сай, ӛзінің құны болады –кепілгерлікке берілетін комиссия
(кепілгерлік берілетін сомадан 1% шамасында)
Сіз сонымен қатар кепілгерлік Сіздің несиеңізден «шамадан тыс» асып кетпеуі туралы,
қажеттіге қарағанда кӛбірек кепілдік қамтамасыз етулер ұсынылмауы туралы ойлануыңыз
керек.