Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет123/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Жалған (алдамшы) мәміле,
яғни тиісті құқықтық салдарларды 
жасау ниетінсіз, тек түр үшін жасалған мәміле маңызсыз. 
Жалған мәміле,
яғни басқа мәмілені жабу мақсатында жасалған 
мәміле маңызсыз. Мәміленің мәнін ескере отырып, тараптар шын мәнінде 
назарға алған мәмілеге оған қатысты ережелер қолданылады.
Заңды 
тұлғаның құрылтай құжаттарында шектелген қызмет мақсаттарына қайшы 
не тиісті қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ заңды тұлға жасаған 
мәмілесін, егер мәміледегі басқа Тараптың оның заңсыз екені туралы 
білгені немесе білетіні дәлелденсе, осы заңды тұлғаның, оның 
құрылтайшысының (қатысушысының) немесе заңды тұлғаның қызметін 
бақылауды немесе қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның 
талап-арызы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін. 
Мәміле бөлігінің жарамсыздығы, егер мәміле оның жарамсыз бөлігін 
енгізбестен де жасалуы мүмкін деп болжауға болатын болса, оның өзге де 
бөліктерінің жарамсыздығына әкеп соқпайды. 
 


193 
11.2. Мәміле жасау технологиясы 
 
Коммерциялық мәмілені жүргізуді бірнеше кезеңге бөлуге болады: 
контрагентті іздеу және таңдау; сатып алу - сату келісім-шартына қол 
қоюға дайындау; келісім-шарт жасасу; келісім-шарт талаптарын іске 
асыру. 
Кәсіпорын жабдықты шетелде сатып алуды шешті делік. Ең 
алдымен, сатып алушы ықтимал өнім берушілердің шеңберін, одан кейін 
мәмілені қаржыландыру тәртібін (қолма-қол ақшаға, кредит есебінен, 
өнімнің бір бөлігіне айырбастауға, басқа экспорттық тауарды сату 
есебінен) анықтауы тиіс. 
Келесі кезең техникалық-экономикалық тапсырманы дайындау 
болып табылады, онда жабдықтың барлық қажетті параметрлері 
(өнімділігі, дайын өнімнің номенклатурасы, жұмыс режимі, инженерлік 
қамтамасыз ету және т. б.) көрсетіледі, сондай-ақ төлем тәртібі, жеткізу 
шарттары, тапсырысты дайындау мерзімі, сатудан кейінгі қызмет көрсету 
мүмкіндігі және т. б. айтылады. 
Әрбір ықтимал серіктеске техникалық - экономикалық тапсырмасы 
бар және ұсыныс шын мәнінде болатын мерзімді көрсете отырып хат 
жібереді. Егер белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсыныс жауапсыз 
қалдырылса, бұл мәмілеге қатысуды қаламайтынын білдіреді. Егер мүмкін 
серіктестердің бірі ұсынысқа пікір білдірсе, алдын ала техникалық 
шешімдерді, сапа кепілдігін, жеткізу тәсілін және басқа да мәселелерді 
нақтылап, мәміле жасауға кірісуге болады. Келісім-шарттың соңғы бағасы 
көбінесе байланысты болатын төлем шарттарын жеке талқылау қажет. 
Мәмілені дайындау кезеңінде сатып алушы жабдықты сатып алуға 
және пайдалануға, сондай-ақ кредитті өтеу немесе барлық мәмілені төлеу 
үшін тауарларды өткізуге шығындарды ескере отырып, түпкілікті өнімнің 
өзіндік құнын есептеуі тиіс. Есептеу үшін серіктес бағасы және сатып 
алушының барлық шығындарының сомасы негіз бола алады.
Келісілген келісімшартқа екі уәкілетті тұлға қол қояды. Келісім-
шарт күшіне енген сәттен бастап оны іске асыру кезеңі басталады, оған 
іскерлік хат алмасу, банк операциялары, тасымалдауды, сақтандыруды 


194
қамтамасыз ететін кәсіпорындармен келісімдер жасасу, әкелуге және 
әкетуге лицензия алу және т. б. кіреді. 
Егер жабдықты орнату құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды 
талап етсе, онда сатушы алдын ала қажетті техникалық құжаттама мен 
сызбаларды береді. Жабдықты іске қосу келісім-шартта белгіленген 
мерзімде жүргізіледі және арнайы актімен ресімделеді. Егер 
келісімшартта пайдаланудың кепілді кезеңі көзделген жағдайда, оның 
мерзімі өткеннен кейін тағы бір акт жасалады, ол мәмілеге 
қатысушылардың 
міндеттемелерді 
орындағанын 
куәландыратын 
түпкілікті құжат болып табылады. 
Коммерциялық мәмілені ресімдейтін негізгі құжат мәмілені іске 
асыру талаптарын, оны орындау тәртібін және тараптардың 
жауапкершілігін айқындайтын келісім-шарт болып табылады. 
Сатып алу-сату келісім-шартында міндетті түрде: жеткізу көлеміне 
қатысты зат; тауардың сапасы мен санын айқындау тәсілдері; жеткізу 
мерзімі, орны мен шарттары; келісім-шарттың бағасы; төлем шарттары 
және төлем валютасының атауы; тауарды тапсыру және қабылдау тәртібі; 
жеткізу кепілдіктері және айыппұлдық немесе көтермелеу санкциялары; 
дауларды шешу тәртібі; еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажорлық 
жағдайлар); тараптардың заңды мекен-жайлары және басқа да 
деректемелері көрсетілуі тиіс. 
Бұдан 
басқа, 
келісім-шартта 
шығындарды 
өтеу 
тәртібі, 
жауапкершіліктен босату қағидаты (меншік иесінің құқығын беру 
кезінде), келісім-шартты тоқтату немесе бұзу тәртібі көрсетілуі тиіс. 
Келісім-шарт мәмілені іске асыру кезінде туындайтын барлық мүмкін 
болатын мәселелер мен жағдайларды қарастыра алмайды, бірақ бұл құжат 
неғұрлым мұқият жасалып, пысықталса, оның талаптары сапалы және 
мерзімінде орындалуы ықтималдығы соғұрлым көбірек болады. 
Келісім-шарт төлемдердің нақты мерзімдері мен түрлерін (қолма-қол 
төлем, аванспен төлем, кредитке төлем немесе барлық үш тәсілдің 
комбинациясы) белгілеуі тиіс. 
Келісімшарттардың, әсіресе халықаралық, міндетті элементі есеп 
айырысу нысанын белгілейтін бап болып табылады. Халықаралық саудада 


195 
тікелей есеп айырысу үшін қолма-қол ақшаны іс жүзінде қолданбайды, ал 
инкассалық және аккредитивтік есеп айырысулар пайдаланылады. 
Есептің инкассолық нысаны сатушының өзіне тиісті тауар 
құжаттарын ұсынған кезде сатып алушыдан төлемдер сомасын алуға 
тапсырманы өз банкіне беруінен тұрады. Есеп айырысудың аккредитивтік 
нысаны кезінде банктің сатушы банкке ұсынған құжаттарға қарсы 
жеткізілген тауар құнының сомасына сатушыға нұсқауы бойынша және 
сатып алушының есебінен төлем жүргізу міндеттемесін пайдаланады. 
Аккредитивтердің келесі түрлері бар: 

расталған-аккредитив ашылған банктің аккредитивті ашқан 
сатып алушының банктің көрсетілген төлем сомасын өтеуіне қарамастан, 
сатушыға төлем сомасын төлеу міндеттемесі; 

расталмаған-сатушының банкі аккредитивтің ашылғаны 
туралы соңғысына хабарлайды, бірақ төлем сомасын оны сатып 
алушының банкінен алған кезде ғана төлейді; 

кері қайтарып алу-сатып алушы банкінің бастамасы бойынша 
жойылуы немесе өзгертілуі мүмкін міндеттеме; 

қайтарып 
алынбайтын-пайдасына 
аккредитив 
ашылған 
сатушының келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайтын міндеттеме; 

бөлінетін – тауарды әрбір жеткізгеннен кейін сатушыға белгілі 
бір соманы төлеуді көздейтін міндеттеме; 

бөлінбейтін-келісім-шарт бойынша барлық міндеттемелерді 
орындағаннан кейін банк төлемнің барлық сомасын төлейді деп 
болжайтын міндеттеме. 
Сатушы әдетте расталған, қайтарылмайтын немесе бөлінетін 
аккредитивтің ашылуына қол жеткізеді.
Бұл келісім-шарттың негізгі құрамдас бөліктері, оларды егжей-
тегжейлі әзірлеу коммерциялық қызметтің табыстылығына кепілдік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет