Бизнеске кіріспе


«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай



Pdf көрінісі
бет39/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

 
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай 
кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. 
Осы бағдарламаның үш бағыты бар: 
 
1-бағыт. Кәсіби біліктілікпен қамтамасыз ету

o
Қажетті мамандықтар бойынша оқыту;
o
Өндірісте мамандарды даярлау. 
2-бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту: 
o
Ауылда және қалада 6% шағын несие беру; 
o
Бастау-Бизнес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 
 3-бағыт. Еңбек нарығын дамыту
o
Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
o
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қолдау көрсету. 
Бағдарлама аясында бизнесмендер ауылда және қалада жылына 6% 
шағын несие ала алады,сондай-ақ «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» 
бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан, сұранысқа ие 
мамандықтар бойынша оқытудан және өндірісте мамандарды даярлаудан 
өтеді. «Бастау-Бизнес» бағдарламасының ұзақтығы 1 айды құрайды. Осы 
уақыт ішінде оның қатысушылары үздік бизнес-жаттықтырушылардан 
тренингтер өтеді; бизнес-жоспар құру бойынша дағдыларды меңгереді; 
қаржы институттары мен жергілікті атқарушы органдардан (ЖАО) 
грантты / жеңілдікті кепілдіктерді алу рәсімдерімен танысады. Бағдарлама 
шеңберінде қатысушылар 8 мыңға дейін несие ала алады. Айлық есептік 
көрсеткіш 60 айға дейінгі мерзімге 6% мөлшерлеме бойынша. 
Бағдарламаға қатысу үшін «Атамекен» КҚКО филиалына немесе КҚО, 
жұмыспен қамту орталығына немесе ЖАО-ға жүгіну қажет. Оқу 
аяқталғаннан кейін қатысушыларға стипендия төленеді.
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен 
қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 
жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру. 
Мемлекеттік гранттар бастапқы кәсіпкерлікті іске асыратын немесе іске 
асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және 


59 
қайтарымсыз негізде беріледі. Мемлекеттік грант алуға үміткерлер 
сонымен қатар Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан 
өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқуды аяқтаған 
және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламаларда қаржылық қолдау 
алмаған иммигранттар мен оралмандар болып табылады. Жаңа бизнес-
идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 100 АЕК (2019 жылы 252 
500 теңге) және 200 АЕК (505 000 теңге) мөлшерінде беріледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет