Сурет
1.5
Бұрандалы біріктірудің тілігінде оның өсіне параллель жазықтыққа
кескіндеу кезінде тесікте тек сырықтың бұрандасы жауып тұрмаған
бұранданың бөлігін көрсетеді (сурет
1.6 ).
Сурет
1.6
Бұранданың белгілеуін оның өлшемі
мен шеткі ауытқуларының
стандарттары бойынша жасайды. Конустық және құбырлық бұрандадан
басқа бұрандаларға белгілеуді сыртқы диаметрге қояды. Бұранданың
аталған екі түріне
белгілеуді
1.7-
суреттегідей түсіреді.
Профилі стандартпен тағайындалмайтын бұранданы профильдің
қалпын көрсетіп, кедір
-
бұдырлығы белгілеуін,
барлық қажетті өлшемдер
мен шеткі ауытқуларды түсіріп кескіндейді. Сонымен қатар сызбада
кірмелер саны жөнінде, бұранданың оңқай
бағыты жөнінде және басқа
қосымша мәліметтер береді.
Сурет
1.7-
Бұранданың белгілену үлгісі
Метрикалық бұранданы
техникада өте кең пайдаланады. Бұранда
профилін МЕСТ 9150
-
81,
бұранданың сыртқы, ортаңғы және ішкі
диаметрлерінің өлшемдерін МЕСТ 24705
-
81, диаметрлер мен адымдарды
МЕСТ 8724
-
81, бұранда орындалуы дәлдігінің дәрежесін МЕСТ 16093
-81
тағайындайды.
Профильдің шығыңқы жерлері мен ойылған жерлерінің төбелері түзу
немесе шеңбер доғасы бойынша қиылған, бұл бұранда жасауды жеңілдетеді,
кернеудің шоғырлауын азайтады және тұтыну
кезінде бұрандаға зақым
келтіруден сақтайды.
Метрикалық бұранданың
ірі
(бұранданың берілген диаметрі үшін
біреу ғана болады) және
ұсақ
(берілген диаметрі үшін бірнешеуі болуы
мүмкін)
қадамды
етіп орындайды. Мысалы, бұранданың d=20 мм
-
лік
диаметрі үшін қадамы 2,5 мм
-
ге тең, ал ұсақ қадам 2; 1,5; 1; 0,75 және 0,5
мм
-
ге тең болуы мүмкін (
1.1-
кестені қараңыз).
Сондықтан метрикалық
бұранданың белгілеуінде ірі
қадамды көрсетпейді, ал ұсақ қадамды міндетті
түрде көрсетеді. Белгілеу мысалдары: сыртқы бұранда (сырықтағы
) M20-6g;
M20LH-6g; M20×1,5-6g; M20×1,5LH-
6g, ішкі бұранда (тетіктегі) M20
-6H; M
20LH-6H;
Достарыңызбен бөлісу: