Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі37,9 Kb.
#95805
  1   2   3   4
Байланысты:
PCX 2K

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БЕКІТЕМІН



Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар
факультетінің деканы __________________

/қолы/ /аты-жөні/

«_____» ____________20___ ж.



Факультет мөрі




ЖҰМЫСТЫҚ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)


Психология

Білім беру бағдарламасы:
Факультет студенттеріне (ФЭБ,ФИТАТ, ТФ ФГСН)


Кредит саны (ECTS): 2
Семестр: 3
Пререквизиттер: «Жалпы психология», «Даму психологиясы»
Постреквизиттер:«Басқару психологиясы».


Оқытушының(лардың) аты-жөні:
1. Cейдрахманова Раушан Избасаровна e-mail: rseidrakhmanova@mail.ru
Оқыту форматы:аралас


Жұмыстық оқу бағдарламасын (силлабусты) дайындауға жауапты кафедра :
«Психология және педагогика»
Ескерту: Құрметті студент! Пәнді оқу аяқталғаннан кейін, пәннің мазмұны және оқыту сапасы жөнінде пікір жазуыңызды өтінемін. Ол үшін емтихан сессиясы кезінде толық қол жетімді www.portal.tarsu.kz сайтында орналасқан «Пәнді студенттердің бағалауы» атты on-line анкетаны толтыру керек.
Пәннің мазмұнының, бақылау сұрақтарының сапасы жөнінде және тағы басқа да ұсыныстарыңызды еркін түрде баяндауыңызға болады.
Сіздің пікіріңіз пәннің сапасын жоғарылата түсу үшін маңызды екенін есіңізге саламыз.
**Силлабуста көрсетілмеген талаптардың заңды күші жоқ екенін университет ескертеді.

Тараз, 2020


Жұмыстық оқу бағдарламасы (силлабус) "Психология және педагогика" кафедрасының аға оқытушылары Р.І Сейдрахманованың «Психология» пәнінен дайындалған оқу бағдарламасы негізінде жасалды. (Хаттама№_____ «______» _____________202___ж.).
Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Психология» пәні аралас форматта оқытылады: қашықтықтан (асинхрондық) оқыту – 1 - 7 апталарда, дәстүрлі – 8 - 15 апталарда. Пән бойынша сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 7,5 лекция 15 практикалық және 10,5 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі.4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Практикалық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-7 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар Google Classroom веб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Студент практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_» тарауында орналасқан. Теориялық немесе практикалық сабақтарды игерубойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілгенуақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері




2

Сағат саны

Лекция -7,5
Практикалық сабақтар- 15 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – БӨЖ 27) (соның ішінде ОБӨЖ (10,5 сағат))
Барлығы – 60 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Бұл пәнді игергенде сіздің қолыңыздан келетін мүмкіншілік:
-анықтау: Психология ғылыми және практикалық білімдердің ерекше жүйесі ретінде білім негіздерін таныстыру. Негізгі кәсіби іскерліктермен дағдыларды меңгеруге қажетті бағдарды алу
-таңдау: Психологиялық зерттеу процедурасы мен ғылыми психологиялық зерттеулерді қолдана білу, эксперименттік зерттеу жасау және іске асыра білу, тәжірибеде түрлі қосымша психологиялық әдістерді қолдана білу,
-белгілеу: Психологияны оқытудың әдістеріне жалпы сипаттамаcын білуге, психологияны оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін белгілеу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет