Бүйрек Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады
Бүйрек биохимиясы
Бүйрек Бүйрек – жұп мүше, оның үлкен маңызы бар, өйткені зат алмасуының соңғы өнімдерін шығаруымен қатар, органикалық, бейорганикалық заттардың артығын және бөгде заттарды ағзадан шығарып, тазалау жұмысын атқарады. Екі бүйректің салмағы дененің 0,45-0,7%-ын құрайды. Құрамындағы судың мөлшері 83%, құрғақ заттардың үлесіне 17% келеді. Олар өте маңызды экскреторлық мүше болып табылады.
Бүйректің негізгі қызметтері: 1. Тазалау (депурациялық) және экскреторлық (сыртқа шығару): бүйрек қандағы барлық керек емес заттарды (белок алмасуының соңғы өнімдерін, тұздарды, дәрілерді, бояуды, улы заттарды) ағзадан бөліп шығарады. Бүйректің бұл қызметі зәр түзуге және оны концентрлеуге немесе сұйылтуға қабілеттілігіне байланысты.
2. Реттеуші – гомеостатикалық қызметі: бүйрек су мен иондардың концентрациясының, қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің, осмостық қысымның, артериалдық қысымның реттелуіне қатысады.
3. Метаболикалық.
4. Антитоксикалық.
5. Эндокриндік.
Бүйректің қызметі нефронмен байланысты. Нефронның екі түрі бар: кортикалды-қыртысты қабатта орналасқан қысқа Гангле тұзағы бар. Юкстагломерулярлы-қыртысты және милы қабаттың шекарасында орналасқан, ұзын төмен түсетін және жоғары шығатын Гангле тұзағының тізелері бар. Нефрондардың айырмашылығы атқаратын қызметіне байланысты. Судың қалыпты мөлшерінде плазманың көлемін қыртысты бөлім, ал су жетпегенде юкстагломерулярлы нефрондар бақылайды. Себебі, судың реабсорбциясы күшейеді.