Ақуыздардың метаболизмі Бүйректің базальді мембранасының талғамды ақуыздары – ламинин және энтантин. Ламинин базальді мембранада коллагеннің IV-типімен, гепаринмен, интегринмен, энтантинмен байланысады. Базальді мембрана сондықтан, гломерулярлы сүзгіні қамтамасыз етеді. Гепарин теріс зарядты болғандықтан, теріс зарядталған альбуминдерді гломерулярлы саңылаулардан өткізбейді (альбуминнің молекуласының көлемі саңылаудан кіші болғанымен). Сондықтан да, альбумин несепте болмайды. Глобулиндердің өлшемі саңылаудан үлкен болғандықтан, олар да өте алмайды. Гломерулярлы мембраналар (гломеруло-нефриттерде) зақымдалған кезде ақуыздар несепте пайда болып, протеинурия дамиды.