Жүкті әйелдердегі бүйректің жедел зақымдалуы (БЖЗ)
Жүктілік кезіндегі БЖЗ-ның себептері:
Ерте мерзімінде:
Жүктіліктің Ι жартысындағы токсикоз кезіндегі құсу салдарынан дамитын гиповолемия
Сепсиспен асқынатын аборттың салдары
Кеш мерзімінде:
Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, жатырдың жыртылуы
HELLP - синдром
ГУС/ТТП
Бауырдың жедел майлы дистрофиясы
Жедел пиелонефрит
ЗТА (зәр тас ауруы) кезіндегі зәр жолдарының обструкциясы
Жүктіліктің өзі ГУС/ТТП дамуының қауіп қатер тобы болып табылады. Эстрогендер ADAMTS 13 төмендеуін шақырады. Жүктілік комплементтің альтернативті жолымен белсену триггері болып табылады. Кейбір жағдайда АФС – мен байланысы болуы мүмкін (жегілік антикоагулянт және антикардиолипиндік антиденелер анықталады). ГУС/ТТП – ны HELLP-синдромнан ажырату қажет. ГУС/ТТП, HELLP – синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясының арасында ұқсайтын да және дифференциалды – диагностикалық айырмашылықтары да бар. HELLP синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясы арасындағы айырмашылық мынада: HELLP – синдромға АСТ жоғары болған кезде, билирубиннің жоғарылауы тән емес, ал бауырдың жедел майлы дистрофиясы кезінде гипербилирубинемия мен АСТ – ның жоғарылауы тән. Бірақ гемолитикалық анемия, тромбоцитопения және преэклампсияның симптомдары - АГ мен протеинурия айқын емес немесе болмауы да мүмкін. ГУС/ТТП көбінесе босанудан кейінгі кезеңде кездеседі және ауыр БЖЗ дамиды. Себебіне байланысты БЖЗ-ның емі әртүрлі болуы мүмкін. HELLP – синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясының негізгі емі жедел босандыру болып табылады. ГУС/ТТП дамыған кезде қанға плазма құю немесе плазма алмастыру қажет.
БЖЗ – ның емі жүкті емес әйелдердегі сияқты жүргізіледі. Гемодиализ немесе перитонеальді диализ жүргізіледі. Әйел организмінен көп көлемді сұйықтықты бірден шығарудан сақтану қажет. Ұрықтың жағдайын бақылау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |