БҮЙРЕК ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК
Жүктілік кезіндегі бүйректің және зәр шығару жолдарының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Қалыпты өтіп жатқан жүктілік кезінде бүйректер ұлғаяды: олардың ұзындығы 1-1,5 см-ге өседі, гормональдық өзгерістер нәтижесінде (гиперпрогестеронемия), сонымен қатар жатыр ұлғаюынан тостағаншалар мен астаушалардың, несепағардың кеңеюі байқалады. Осы өзгерістер зәр шығару жүйесі инфекциясының дамуына ықпал етеді. Жүктілік кезінде бүйректің барлық қызметтерінің біршама өзгерістері жүреді (1 кесте).
1 кесте
Жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерістер
Көрсеткіштер
|
Өзгерістердің даму механизмі
|
Өзгерістер
|
Жалпы гемодинамика
|
Жүйелі вазодилятация, ШҚҚ*, РААЖ* белсенуі, симпатикалық белсенділік
|
ЖСЖ* мен ЖЛ* жоғарлауы, АҚҚ төмендеуі
|
Бүйректік гемодинамика
|
Бүйректік плазмаайналымының және ШФЖ жоғарлауы
|
Плазмадағы креатинин деңгейінің төмендеуі, зәрмен белок, глюкоза, амин қышқылдары экскрециясының жоғарлауы
|
Су-тұз балансы
|
Натрий реабсорбциясының жоғарлауы (физиологиялық гиперальдостеронизм), сұйылту феноменімен қан тамыр арнасында және аралық тінде натрий мен судың іркілуі
|
Физиологиялық ісінулер, қан сарысуында гематокриттің, натрий, гемоглобин, белок, зәр қышқылы деңгейлерінің төмендеуі
|
Қышқыл-сілтілік тепе-теңдік
|
Гипокапнияға жауап ретінде бикарбонатурия (физиологиялық гипервентиляция)
|
Қан сарысуында бикарбонат концентрациясының төмендеуі, зәрдің сілтілі реакциясы
|
ШҚҚ - шеткі қантамырлар қарсыластығы, РААЖ – ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі, ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі, ЖЛ- жүрек лақтырылысы, АҚҚ- артериялық қан қысымы
Жүктілерде айқын жүйелі вазодилятация дамиды, бұл бүйрек қан айналымының және ШФЖ –ң жоғарлауына әкеледі. Осы көрсеткіштер жүктіліктің 1-ші триместрінде ақ жүктілікке дейінгі деңгейіне қарағанда 35-50%-ға жоғарлайды. Жүрек соғу жиілігі мен жүрек лақтырылысы жоғарылайды, ал АҚҚ төмендейді. ШФЖ жоғары болуына байланысты, әдетте қандағы креатинин деңгейі төмендейді. Дені сау жүкті әйелдерде су-тұз балансының өзгеруі нәтижесінде жүктіліктің әр түрлі мерзімінде ісінулер пайда болады, ал зәрде протеинурия (150-300мг/тәу), глюкозурия анықталуы мүмкін. Бұндай жағдайлар артериалды гипертензиямен қосарласпайды және емді қажет етпейді.
Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) жоғарлауына қарамастан, АҚҚ төмендеп, Ι – триместрдің соңында ең төменгі деңгейге жетеді. Вазодилятация плацента гормондарының қан тамрыр эндотелийіне әсерінен болады. ΙΙ – триместр басталғаннан бастап АҚҚ баяу жоғарылайды және жүктілік соңына қарай алғашқы деңгейінее жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |