Емтихан сұрақтары
(теориялық сұрақтар)
1.Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары.
2.Гемоглобин, мөлшері, гемоглобин байланыстары. Түсті көрсеткіш, оның клиникадағы маңызы.
3.Өттің құрамы мен қасиеті. Асқорытудағы өттің ролі. өт бөліну фазалары.
4.Жұлын. Жұлынның рефлекторлық және өткізгіштік қызметтері.
5.Лейкоциттер. Лейкоцитарлы формула. Лейкоцит түрлерінің функциялары.
6.Өт түзілу мен өт бөліну реттелуінің рефлекторлық және гуморальдық механизмі.
7.Сопақша ми және варолиев көпірі (құрылысы және функциясы).
8.Клеткалық және гуморальдық иммунитет. Иммунокомпетентті клеткалар.
9.Тоқ ішекте жүретін процесстер. Ішектегі бактериялық микрофлораның организмдегі маңызы.
10.Орталық ми (құрылысы және функциясы). Статикалық және статокинетикалық рефлекстер.
11.Тромбоциттер олардың мөлшері және функциясы. Тамырлы-тромбоцитарлы гемостаз.
12.Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алу процестерінің кезектесуін қамтамасыз ететін орталық нерв жүйесінің құрылымдары.
13.Мишықтың құрылысы және функциясы. Мишық жарақаты кезіндегі бұзылыстар.
14.Коагуляциялық гемостаз. Қан ұюының факторлары және механизмдері, қанның ұюы және қанның ұюға қарсы жүйелері.
15.Өкпенің механорецепторлары, оның тыныс алу жиілігі мен тереңдігінің өзіндік реттелуіндегі маңызы. Геринг және Брейер рефлекстері.
16.Аралық ми. Гипоталамус және таламустың функциялары.
17.АВО жүйесі бойынша қан топтары. Эритроциттердің антигендері және плазманың антиденелері.
18.Орталық және перифериялық хеморецепторлар және олардың газды гемостазды қамтамасыз етудегі маңызы. Фредерик тәжірибесі.
19.Қыртысасты түйіндер (құйрықты ядро, скорлупа (қабық), солғын шар, қорған, миндальді дене).
20.Резус-фактор. Қан құюдағы резус-фактордың ролі.
21.Барометрлік қысымның жоғарылауынан тыныс алу өзгерістері.
22.Лимбиялық жүйенің құрылысы және функциясы.
23.Қан құюдағы қан топтарының ролі. Қан құю ережесі.
24.Баромтерлік қысымның төмендеуінен тыныс алу өзгерістері.
25.Ми қыртысы жарты шарларының функциялық ұйымдастырылуы. Қыртыстың сенсорлық және моторлық аймақтары (Бродман бойынша).
26. «Ана-ұрық» резус қарсыластығы. Туындау механизмі, резус қарсыластықпен кұресу жолдары.
27.Тыныс алу циклі. Тыныс алу жолдарының физиологиясы. Анатомиялық және физиологиялық өлі кеңістік.
28.Автономдық нерв жүйесінің функциялық ерекшеліктері. Вегетативтік рефлекстердің эфферентті бөлігінің ұйымдасу принциптері.
29.Гипоталамустың гипофизбен функциялық байланысы. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті жүйесі.
30.Дем алу және дем шығару механизмдері. Плевра қуысындағы қысым және оның тыныс алу кезіндегі өзгерістері.
31.Автономдық нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі. Симпатикалық нерв жүйесінің құрылысы, ерекшеліктері және оның белсенділігіне туындайтын тиімділіктер.
32.Ішкі сөлініс бездері реттелісіндегі кері байланыс принципі,
33.Өкпедегі газ алмасу. Өкпелік мембрананың қасиеттері. Альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасуды қамтамасыз ететін факторлар.
34.Автономдық нерв жүйенісінің парасимпатикалық бөлімі. Парасимпатикалық нерв жүйесінің құрылысы, ерекшеліктері және оның белсенділігінде туындайтын тиімділіктер.
35.Циркадтық ырғақты реттеудегі эпифиздің эндокринді ролі.
36.Газдардың (О2, CO2) қан арқылы тасымалдануы. Гемоглобиннің диссоциациясы және оның түзілуіне әсер ететін факторлар. Қанның оттегілік сыйымдылығы.
37.Симпатикалық және парасимпатикалық жүйелерінің ерекшеліктері (орталықтары, ганлгийлерінің орналасуы, нейротрансмиттері).
38.Гипофиздің алдыңғы бөлімінің гормондары және олардың басқа эндокриндік бездер функциясының реттелуіне қатысуы.
39.Қан мен тіндер арасындағы газ алмасу. Қан мен тіндер арасындағы газ алмасуды қамтамасыз ететін факторлар.
40.Ең маңызды жұлын рефлекстері және олардың орталықтарының шоғырлануы. Белла-Мажанди заңы.
41.Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары және олардың организмдегі маңызы.
42.Нефрон бүйректегі құрылымдық-функциялық бірлігі.
43.Вегетативті функцияларды реттеудегі гипоталамустың, мишықтың, лимбиялық жүйенің, үлкен ми сыңарлары қыртысының және ретикулярлық формацияның ролі.
44.Қалқанша безі гормондарының жалпы сипаттамасы. Құрамында йоды бар гормондардың (Т-3, T-4) метаболизмдік қасиеті.
45.Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі, оның реттелуінің ерекшеліктері. Бүйректегі қан ағысын тұрақтандыратын жүйе.
46.Қан айналымының функциялық сипаттамасы. Жүректің қақпақшалары.
47.Кальций алмасуының реттелісі, қалқанша мен қалқанша маңы бездерінің ролі.
48.Шумақтық фильтрацияның механизмдері, біріншілік несептің құрамы.
49.Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық, әрекет потенциалының генерациялау ерекшеліктері. Жүректің автоматиясының градиенті.
50.Ұйқы безінің эндокриндік функциясы және оның реттеуі.
51.Өзекшелердегі реабсорбция және оның реттелу механизмдері. Өзектегі секреторлы процестер.
52.Жүрек жұмысы кезіндегі электрлік құбылыстың пайда болуы. Электрокардиограмманың тісшелері мен сегменттері және олардың миокардтағы қозу процесімен байланысы.
53.Бүйрекүсті безінің қыртысты затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.
54.Бүйректің концентрациялық функциясы. Кері айналдыра ағызу жүйесі.
55.Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек жұмысы кезіндегі, жүрек дыбысының туындауы.
56.Бүйрекүсті безінің милы затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.
57.Организмнің ішкі ортасындағы осмостық тепе-теңдікті сақтаудағы бүйректің ролі.
58.Гемодинамика. қан тамырлар арқылы қанның жылжуын қамтамасыз ететін факторлар. Қан тамырлар арнасының әр түрлі бөлімдерінің функциялық сипаттамасы.
59.Жыныс гормондары. Адам организмінің дамуындағы тестостеронның ролі.
60.Организмнің ішкі ортасындағы рН-тың тұрақтылығын сақтаудағы бүйректің ролі.
61.Вена арқылы қанның жылжуы. Веналық қан қозғалысын қамтамасыз ететін факторлар.
62.Эндокриндік қызметті орындамайтын ағзалардың (бүйректер, жүрек және т.б.) эндокриндік функциясы.
63.Несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзектің және тостағанша-түбекше жүйесінің функциясы.
64.Гемодинамиканың параметрлері (систолалық және минуттық қан көлемі, жүрек индексі және т.б.).
65.Асқорыту, оның түрлері, негізгі этаптары. Асқорытудың реттелу механизмдері мен принциптері.
66.Несеп шығарудың рефлекторлық реттелуі. Несеп бөлінуінің жұлындық және қыртыстық орталықтары.
67.Артериялық қан қысымы және оныңтүрлері (систолалық, диастолалық және пульстік). Қан қысымын анықтайтын факторлар.
68.Ауыз қуысындағы асқорыту. Шайнау, жұту, жұту фазалары.
69.Юкстагломерулярлы аппарат. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі.
70.Жүрек әрекетін реттейтін жүрек ішілік (интракардиальды) механизмдер.
71.Сілекей құрамы, мөлшері мен қасиеттері. Сілекей бөлінудің реттелуі.
72.Аталық без функциялары (эндокриндік және экзокриндік).
73.Жүрек әрекетін реттейтін жүректен тыс (экстракардиальды) механизмдер.
74.Асқазандағы асқорыту. Асқазанның қозғалысы, оның реттелуі.
75.Аналық без функциялары (эндокриндік және экзокриндік).
76.Қан айналымның реттелуі. Қан қысымын тұрақтылығын қамтамасыз ететін функциялық жүйе.
77.Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Асқазанның секрециялық белсенділігінің реттелуі.
78.Менструальды цикл. Менструальды циклдың түрлі фазаларында жатыр мен аналық бездегі өзгерістер.
79.Қан айналымының гуморальды реттелу механизмдері.
80.Он екі елі ішектегі асқорыту. Химустың асқазаннан он екі ішекке өтуі.
81.Жүктіліктің және туу актісі физиологиялық заңдылықтары.
82.Қан жүйесі туралы түсінік (Т.Ф.Ланг). Қан функциялары. Қан құрамы мен мөлшері. Гематокрит.
83.Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі секрецияның реттелуі.
84.Тері және оның туындыларының құрылысы және физиологиясы.
85.Қанның физикалық-химиялық қасиеттері (осмостық және онкотикалық қысым, қан тұтқырлығы, рН). Эритроциттердің осмостық резистенттілігі.
86.Ішектегі асқорытудың ерекшеліктері. Ішек сөлі, оның құрамы мен қасиеті. Ішектегі қабырғалық асқорыту.
87.Тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, тактильді) және олардың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі ролі.
88.Эритроциттер, құрылысы, функциясы. Эритроциттер мөлшерін санау.
89.Негізгі тағамдық заттардың сіңірілуі. Сіңірілу механизмі. Сіңіру процестерінің реттелуі.
90.Проприорецепторлар, олардың қозғалыс функциясын қамтамасыз етудегі ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |