Бүйрек және жүктілік


Жүкті әйелдердегі бүйректің жедел зақымдалуы (БЖЗ)



бет7/8
Дата20.12.2021
өлшемі145 Kb.
#103916
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БҮЙРЕК ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

Жүкті әйелдердегі бүйректің жедел зақымдалуы (БЖЗ)

Жүктілік кезіндегі БЖЗ-ның себептері:

Ерте мерзімінде:

  • Жүктіліктің Ι жартысындағы токсикоз кезіндегі құсу салдарынан дамитын гиповолемия

  • Сепсиспен асқынатын аборттың салдары

Кеш мерзімінде:

  • Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, жатырдың жыртылуы

  • HELLP - синдром

  • ГУС/ТТП

  • Бауырдың жедел майлы дистрофиясы

  • Жедел пиелонефрит

  • ЗТА (зәр тас ауруы) кезіндегі зәр жолдарының обструкциясы

Жүктіліктің өзі ГУС/ТТП дамуының қауіп қатер тобы болып табылады. Эстрогендер ADAMTS 13 төмендеуін шақырады. Жүктілік комплементтің альтернативті жолымен белсену триггері болып табылады. Кейбір жағдайда АФС – мен байланысы болуы мүмкін (жегілік антикоагулянт және антикардиолипиндік антиденелер анықталады). ГУС/ТТП – ны HELLP-синдромнан ажырату қажет. ГУС/ТТП, HELLP – синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясының арасында ұқсайтын да және дифференциалды – диагностикалық айырмашылықтары да бар. HELLP синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясы арасындағы айырмашылық мынада: HELLP – синдромға АСТ жоғары болған кезде, билирубиннің жоғарылауы тән емес, ал бауырдың жедел майлы дистрофиясы кезінде гипербилирубинемия мен АСТ – ның жоғарылауы тән. Бірақ гемолитикалық анемия, тромбоцитопения және преэклампсияның симптомдары - АГ мен протеинурия айқын емес немесе болмауы да мүмкін. ГУС/ТТП көбінесе босанудан кейінгі кезеңде кездеседі және ауыр БЖЗ дамиды. Себебіне байланысты БЖЗ-ның емі әртүрлі болуы мүмкін. HELLP – синдром және бауырдың жедел майлы дистрофиясының негізгі емі жедел босандыру болып табылады. ГУС/ТТП дамыған кезде қанға плазма құю немесе плазма алмастыру қажет.

БЖЗ – ның емі жүкті емес әйелдердегі сияқты жүргізіледі. Гемодиализ немесе перитонеальді диализ жүргізіледі. Әйел организмінен көп көлемді сұйықтықты бірден шығарудан сақтану қажет. Ұрықтың жағдайын бақылау ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет