Бүйрек және жүктілік



бет5/8
Дата20.12.2021
өлшемі145 Kb.
#103916
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БҮЙРЕК ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

Эклампсия.

ОЖЖ зақымдалуы (эклампсия) преэклампсияның үдеуі нәтижесінде дамиды, әдетте преэклампсияға босану алдында немесе босанғаннан кейінгі аптада болады. Эклампсияның даму мүмкіндігін көрсететін белгілер:



  • Қорқу, қобалжу сезім, бет терісінің қышуы

  • Бас ауруы, көрудің нашарлауы («жарық жарқылы», бейнелерді бұлыңғыр көруі)

  • Эпигастрий аймағындағы ауру-сезімі

  • Гиперрефлексия

  • Протеинурияның жоғарлауы

Эклампсия эпилептикалық ұстамаларды еске түсіретін клонико-тоникалық тырысулармен көрінеді және міндетті түрде артериалық гипертензиямен қосарласады, АГ ауыр болмауы да мүмкін. Эклампсия ОЖЖ-ң ишемиялық зақымдалу белгісі болып табылады, ол ми қан тамырларының тарылуымен және тамырішілік гиперкоагуляциямен байланысты. Сирек жағдайда созылмалы АГ және преэклампсия бірге қосылса, геморрагиялық инсульт болуы мүмкін. Босандыру эклампсияның алдын алу болып табылады. Преэклампсияның ауыр түрлерінің бірі HELLP – синдром (Hemolysis, Elevated liver enzymes, Low platelet count). Бұл кезде жайылмалы қан тамырлық дисфункция және коагулопатия нәтижесінде симптомды кешен түрінде көрінеді: гемолиз, аминотрансферазалардың жоғарылауы және тромбоцитопения. Бұл кезде АГ және протеинурия аз ғана болуы мүмкін. HELLP – синдром қайта жүктілік болғанда 2 есе жиі көрінеді.

Преэклампсияның бұндай түрінде «әдеттегіге» қарағанда болжамы нашар, өйткені бұл кезде жиі БЖЗ дамиды және ана және баланың өміріне қауіп төнеді. HELLP – синдром белгілері жедел босандыруға көрсеткіш болып табылады. Көптеген жағдайларда бұл синдром босанар алдында дамиды. Өте сирек жағдайда HELLP – синдром босанғаннан кейін алғашқы күндері дамиды.



Жүктілердегі АГ емі. Жүктілерде антигипертензивті терапия медикаменттердің ұрыққа және ана денсаулығына жағымсыз әсерлерінің мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. АҚҚ-н тез және қатты түсіруден сақ болу керек.

Антигипертензивті емді диастолалық қан қысымы 100 мм.с.б.-нан асқанда бастауды ұсынады. Алайда, ағзаларда паренхиматозды зақымдалуы (миокард гипертрофиясы, ретинопатия) бар әйелдерде медикаментозды емді ДАҚҚ 90 мм с.б. болғанда тағайындай береді. Антигипертензивті ем жүктіліктің алғашқы триместрінде ДАҚҚ 90-99 мм.с.б дейін әлсіз жоғарылауы кезінде жүргізілмеуі де мүмкін, өйткені мұндай науқастардың көбісінде АҚҚ физиологиялық төмендеуі байқалады. Бірінші таңдаулы болып табылатын препарат - Метилдопа, оның дозасы АҚҚ бақылай отырып, тағайындалады (2 кесте).

2 - кесте

Жүктілерде қолданылатын антигипертензивті дәрілердің сипаттамасы



Дәрілер, топтары

Жүктілердегі зерттеу нәтижелері

  1. α2-адренэргиялық рецепторлардың агонистері:

- метилдопа

Қауіпсіздігі және әсері рандомизацияланған зерттеу

нәтижесінде дәлелденген



β2-адренэргиялық рецепторлардың агонистері:

- атенолол



- метопролол

  • Жүктіліктің соңғы кездерінде қауіпсіз

  • Алайда жүктіліктің ерте мерзімінде ұрықтың өсуі мен жетілуінің кідіруі дамуы мүмкін

  • Ұрықта брадикардия және гипоксияға толеранттылығының төмендеуі дамуы мүмкін

  1. α және β адренэргиялық рецепторлардың агонистері:

- лабетолол

  • Метилдопа сияқты нәтижелі

  • Бірақ балаларда ұзақ бақылау жүргізілмеген

  • Жүктілерге гепатотоксикалық әсері болуы мүмкін деген мәліметтер бар

  1. Перифериялық вазодилятаторлар:

- гидралазин

  • Кейбір жағдайда нәрестелерде тромбоцитопения дамуы мүмкін

  • Жиі метилдопа мен β-адреноблокаторларды бірге қолданады

  1. Кальций каналдарының тежегіштері

Әсері мен қауіпсіздігі тек аз уақыт бақыланған және кейбір бақылауда ғана көрсетілген.



Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары, ангиотензин ΙΙ рецепторларының тежегіштері сияқты дәрілер қарсы көрсетілген. Жүктілік кезінде диуретиктерді мүмкіндігінше қолданбау қажет, тек жүктілікке дейін ұзақ мерзім қолданса немесе ауыр тұзға сезімтал АГ бар болған жағдайда ғана қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет