Жүктіліктің асқынулары
Зәр шығару жүйесінің инфекциясы.
Жүктілерде зәр жүйесінің инфекциясы мына түрлерде дамуы мүмкін:
Асимптоматикалық бактериурия
Цистит
Жедел пиелонефрит
Паранефрит
Бүйрек абсцессі
Бүйрек карбункулы
Жүктілерде инфекцияның дамуына физиологиялық өзгерістер – глюкозурия, зәрдің сілтілі реакциясы, зәр жолдарының дилятациясы ықпал етеді. Зәр жүйесінің инфекциясы, асимптоматикалық бактериуриямен қоса, мерзімінен бұрын босану, ұрық даму кідірісі және перинатальды өлімге қауіп болып есептеледі. Сондықтан, жүктіліктің ерте мерзімінен бастап, үнемі зәрді бактериологиялық себу арқылы тексеру қажет және қажетінше антибактериалды терапия жүргізу қажет.
Ең кеңінен қолданылатын антибиотиктер – амоксициллин, ампициллин, цефалексин, нитрофурандар, налидиксий қышқылы. Ұрыққа қаупі дәлелденбесе де, цефтазидим, цефотаксим, цефаклор, амоксиклав қолданылуы шектелген. Фторхинолон, имипенем, триметопримді қабылдауға болмайды, сонымен қатар, ұрықтың зақымдалуын туғызуы мүмкінпрепараттар – сульфаниламидтер, ко-тримаксазол. Тетрациклиндер, аминогликозидтер, левомицетинді қолданғанда ұрықтың зақымдалуы дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |