Бүйрек және жүктілік



бет4/8
Дата20.12.2021
өлшемі145 Kb.
#103916
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БҮЙРЕК ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

Преэклампсия
Преэклампсия (грек тілінен аударғанда eclampsus – найзағай) – жедел үдемелі өмірге қауіпті жүктілікпен жанасқан ауру. Преэклампсия негізінен бірінші жүктілікте дамиды.

Преэклампсияның этиологиясы мен патогенезі. Преэкламписяның даму қауіп факторлары:

    • преэклампсия бойынша жанұялық анамнез

    • бедеулік

    • көпжүктілік, көпсулық

    • ана жасы 30 жастан >, 18 жастан <

    • соматикалық аурулар (ҚД, семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, бүйректің созылмалы ауруы, дәнекер тін аурулары, гипотиреоз, тромбофилия (антифосфолипидтік синдром (АФС), антитромбин ΙΙΙ тапшылығы)).

Преэклампсия патогенезі, сонымен қатар бірқатар жүктіліктің асқынулары (гестациялық АГ, HELLP - синдром, жедел майлы гепатоз, жүктілер ГУС-ы) эндотелийдің дисфункциясына байланысты.

Преэклампсия патогенезі жатырдың спиральды артериясында цитотрофобласттың инвазиясы бұзылысынан плацента перфузиясының төмендеуімен байланысты. Қалыптыда спиральды артериялар қайта моделдеу кезінде эндотелиальды және бұлшықет қабаттарын жоғалтады да үңірейген синусоидтарға ауысады, бұл плацентаның бүрлі кеңістік аралығына қанның келуін қамтамасыз етеді, бұндай даптация жүктіліктің 20 аптасына қарай аяқталады. Патологиялық жағдайда плацентарлық перфузиясының төмендеуі ерігіш VEGF-рецепторы-sFLt-1-дің босап шығуына алып келеді, ол айналымдағы эндотелиальды өсу факторын (VEGF) бейтараптайды. Осындай өзгерістер нәтижесінде қан тамырлар вазопрессорларға тұрақсыз болып келеді. Жүйелі эндотелиальды дисфункция дамиды. Ағзалар мен тіндердің, ең бірінші - плацента, бүйрек, бас миы және бауырдың перфузиясы бұзылады.



Бүйрек патоморфологиясы. Преэклампсияға шумақ капиллярларының эндотелиозы тән. Шумақтар ұлғайған, эндотелий және мезангий айқын ісінген, капиллярлар іші тарылады. Егер шумақта жүктіліктен бұрын бұзылыстар болмаған болса, преэклампсия өзгерістері босанудан кейін толық жоғалады. Егер бұрынғы ауруды анықтау керек болса, бүйректі биопсия арқылы тексеру керек, бірақ ол босанғаннанкейін 8 аптадан ерте жасалуға тиіс.

Клиникаcы және диагностикасы. Преэклампсия әрқашан жүктіліктің екінші жартысында дамиды. Оған тән диагностикалық критерий болып табылатын 2 белгі – жүктіліктің 20аптасынан кейін пайда болған 140/90 мм.с.б. және одан жоғары АГ және 0,3 г/тәу және одан жоғары протеинурия. Преэклампсияны бұрын болған артериялық гипертензиядан (жүктілікке дейінгі АГ, жүктіліктің алғашқы жартысындағы болған АГ) және науқастың өзінде бар бүйрек ауруларынан ажырату қажет. Бұрында артериялық қан қысымы қалыпты болған әйелдерге қарағанда, науқаста бар артериялық гипертензияға қосарласқан преэклампсия болжамы нашар.

Тіпті преэкдампсия белгілері болмағанның өзінде де, созылмалы АГ фонындағы жүктілік қауіпті. Созылмалы АГ бар жүкті әйелдерде плацентаның сылынуы, ұрықтың даму кідірісі, ұрықтың кенеттен өлуі, бүйректің жедел зақымдалуы сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар әйелдің жасына, АГ ұзақтығына, ағзалардың гипертония салдарынан зақымдалу белгілеріне байланысты дамиды. Дегенмен, эссенциалды АГ-мен ауыратын әйелдердің көбінде (85%) қолайсыз факторлар болмаған жағдайда жүктілік асқынуларсыз өтеді.

Гестациялық гипертензияны жүктіліктің екінші жартысында АҚҚ тұрақты жоғарыласа анықтайды. Бұл патология преэклампсиядан протеинурияның жоқтығымен ажыратылады. Анамнездік мәліметтер болмағанда жүктілердегі созылмалы АГ-дан ажырату қиын, себебі жүктіліктің ерте сатысында АҚҚ төмендейді де, кеш мерзімінде қайта жоғарылайды. Бірақ гестациялық АГ босанғаннан кейін спонтанды түрде жоғалады. Созылмалы гипертензиядан ажырату үшін, АҚҚ-н босанғаннан кейін кемінде 12 апта бақылау қажет.

Преэклампсияға тән маңызды белгінің біріне гиперурикемия жатады. Зәр қышқылы концентрациясының жоғарылауы преэклампсия белгілерінің пайда болуына дейін бірнеше апта бұрын дамиды. Зәр қышқылы концентрациясының көтерілу бүйрек зақымдалу дәрежесімен және ұрықты жоғалту қаупімен қатар жүруі мүмкін.

Систолалық қан қысымы емес, жүктіліктің 20 аптасынан кейін тіркелген, диастолалық қан қысымының 90мм с.б. – на және одан әрі тұрақты жоғарлауының маңыздылығын атап өту керек, ол перинатальды өлім жоғарылауымен қатар жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет