Преэклампсияның емі. Преэклампсияны емдеудің негізгі әдісі - жедел босандыру болып табылады. Нәрестенің туылуы мен плацентаның шығуы патологияның әрі қарай үдеуін тоқтатады. Преэклампсияға күдік туған кезде жүкті әйел шұғыл түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Қатаң төсектік режим тағайындалады. Босандыруға көрсеткішті бағалау жүргізіледі, ең алдымен ұрықтың жетілу дәрежесі бағаланады.
Егер босануға жақын қалса, босандыруды тездету қажет
При сроке беременности < 34 недель – сбалансированный подход в отношении состояния матери и исхода для плода.
Жүктіліктің мерзімі 34 аптаға жетпесе – ана жағдайы мен ұрыққа әсері қатысында теңдестірілген амал. Тұрақты түрде клинико-лабораторлы мониторинг жүргізу.
Ананың жағдайы тұрақты болған жағдайда 24-48 сағат аралығында консервативті ем жүргізілуі мүмкін – қауіпсіз медикаментозды гипотензивті ем қолдану мүмкіншілігінің сұрақтарын шешу
Ұрық өкпесінің жетілуін тездету үшін кортикостероидтарды енгізу
Егер плацентаның перфузиясы ұрықтың қажеттілігіне жауап бермесе – босандыру қажет
Эклампсияның алдын алу және ұстаманың өзін емдеу үшін магний сульфатын 4 г к/т 20 минут ішінде, кейіннен 48 сағат ішінде, 1,5 г/сағ енгізу көрсетілген. Тырысуға қарсы ем – диазепам 10-20 мг к/т.
Эклампсия босанудан кейін ерте кезеңде дамуы мүмкін болғандықтан, босанудан кейін дереу 24 сағат ішінде MgSO4 енгізу қажет. Жүктіліктің аяғында және босану уақытында ауыр АГ – ның емі ретінде гидралазин, лабетололды қарқынды ем режимінде к/т енгізеді, бірақ АҚҚ – ның күрт және айқын төмендеуінен сақтану қажет. (ДАҚҚ 90-110 мм.с.б. деңгейінде ұстап тұру қажет). Кальций каналдарының тежегіштері жақсы нәтиже беруі мүмкін, егер науқасқа магний сульфатын енгізсе, бұл топтың препараттарын қолдануға болмайды. Бұл препараттардың нәтижесі болмаса диазоксид қолданылады. Ұрыққа ауыр токсикалық әсер ететіндіктен натрий нитропруссидін мүмкіндігінше қолданбау қажет.
Тромбоцитопения 20-40 мың/мкл-дан төмен болған кезде - тромбоконцентрат, микроангиопатия және ұю факторының жетіспеуі кезінде – ЖМП (жаңадан мұздатылған плазма), БЖЗ дамыған кезде – диализ жүргізіледі.
Эклампсияның ізашарларында, АҚҚ – ның нәтижесіз бақылануында, креатинин, зәр қышқылы, бауыр ферменттері белсенділігі жоғарылағанда, тромбоцитопения дамығанда, сонымен қатар ұрық жағдайы нашарлаған жағдайларда әйелді шұғыл түрде босандыру қажет.
Соңғы жылдары преэклампсияның алдын алу шаралары ретінде аз мөлшерде ацетилсалицил қышқылын қабылдау, сонымен бірге жүкті әйелдер тағам мөлшерінің кальцийға байытылғаны жайлы мәліметтер талқылануда.
Достарыңызбен бөлісу: |