Бүйрек және жүктілік


БСА бар әйелдердегі жүктілік



бет8/8
Дата20.12.2021
өлшемі145 Kb.
#103916
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
БҮЙРЕК ЖӘНЕ ЖҮКТІЛІК

БСА бар әйелдердегі жүктілік

Бүйректің әртүрлі созылмалы аурулары бар әйелдерде жүктіліктің ағымы мынаған байланысты:



  • Бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесі

  • АҚҚ сипаты мен деңгейі

  • Бүйректің созылмалы ауруының түрі

Ана үшін қауіп - қатер:

  • ШФЖ төмендеуі

  • Ауыр гипертензия

  • Преэклампсияның қосарлануы

  • Нефротикалық синдром дамуы кезіндегі асқынулар (тромбоздар және сепсис)

Ұрық үшін қауіп - қатер:

  • Ұрықтың даму кідірісі

  • Ұрық өлімі

  • Мерзімінен ерте босану

  • Дәрі - дәрмектердің қолайсыз әсері

  • Туа пайда болған ақаулардың болу қаупі

БСА бар жүктілерде болатын асқынулар мүмкіндігі бүйрек қызметінің бұзылу дәрежесіне байланысты. Егер жүктілерді мына үш топқа бөліп қарастырса: 1) қандағы креатинин < 130 мкмоль/л; 2) креатинин 130-220 мкмоль/л; 3) креатинин > 220 мкмоль/л, балалардың тірі туылу мүмкіндігі бүйрек қызметінің бұзылысының жеңіл дәрежесінде 90%-ға дейін, ал ауыр дәрежесінде 50%-ға және одан да аз төмендейтіні анықталды. Қандағы креатининнің алғашқы деңгейі > 220 мкмоль/л болса, жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейінгі қысқа мерзім аралығында терминальды БСЖ даму мүмкіншілігі жоғары.

Жүктілік кезінде БСА бар әйелдердегі өте маңызды болжамды көрсеткіш АҚҚ деңгейі болып табылады. Бүйрек қызметінің нашарлауына байланысты гипертониялық криздер дамуы мүмкін.

Бүйректің созылмалы ауруы түрлерінің маңыздылығы бар. Жүктілерге тән гиперфильтрацияның, гипопротеинемия мен протеинурияға бейімділіктің болуы гломерулярлы ауру ағымына негативті әсер етеді. Осыған қарамастан, егер ұзақ уақыт ГН-тің ремиссиясы сақталса, бүйрек қызметі және АҚҚ деңгейі қалыпты болса, жүктілік болжамы қолайлы болуы мүмкін. Жүктілік МПГН, ФСГС и IgA-нефропатия сияқты ГН-тің кейбір түрлерінің өршуіне ықпал етуі мүмкін. Бүйрек қызметінің қайтымсыз нашарлауы мен АҚ дамуы ықтимал.

Жүкті әйелдерде нефротикалық синдром de novo дамуы мүмкін. Жүктіліктің ерте мерзімінде дамыған айқын нефротикалық синдром ұрықтың жетілмеуіне, өліміне әкелуі мүмкін.

Нефротикалық синдром кезінде жүкті еместер әйелдерде қолданылатын – белокты, тұздарды шектеу мен диуретиктер сияқты кейбір ем түрлерін жүктілерге жүргізуге болмайды. Жүктіліктің екінші жартысында дамыған нефротикалық синдром преэклампсиядан ажыратылуы қажет. Нефротикалық синдромның себептері минималды өзгерісті ауру және басқа аурулар – мембранозды нефропатия, МПГН, ФСГС, амилоидоз, диабетикалық нефропатия болуы мүмкін. Нефротикалық синдромды преднизолонмен, циклоспорин А-мен емдеуге болады, әдетте олар жартылай терапиялық мөлшерде жүргізіледі. ММФ, циклофосфамид сияқты препараттар жүктілік кезінде қолданылмауға тиіс. Тез үдемелі ГН-ке күдіктенген жағдайда кортикостероидты препараттардың пульсті дозасын тағайындау үшін жүктіліктің 24 аптадан кейінгі мерзімінде бүйрек биопсиясын жасау мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Жүктіліктің 30 аптасынан кейінгі кез-келген мерзімінде белсенді ГН болса, жедел босандыру көрсетілген. Жүктілік кезінде статиндерді, ААФи, АРТ препараттарын тоқтату қажет. Креатинин > 130 мкмоль/л болғанда аспирин (75-150 мг/тәу) тағайындалады. Жүктілерде жедел постинфекциялық ГН жағдайлары сирек кездеседі, бірақ ауырған жағдайда ауру болжамы қолайлы.



Люпус-нефрит. Ауру белсенді болған кезде немесе антифосфолипидтік антиденелер анықталған жағдайда жүктілікті жоспарламаған жөн. Қазіргі уақыттағы тәжірибе бойынша жүктілік қолайлы өту үшін бала көтерер алдында ЖҚЖ-ң толық ремиссиясы 6 айдан кем емес сақталуы міндетті талап болып табылады. Жүйелі склеродермия және түйінді полиартеритпен ауырған жағдайда, әйелдер бала көтермегені дұрыс. Көптеген бақылаулар бойынша жүкті әйелдегі қатерлі гипертензия және бүйрек жетіспеушілігі катастрофалық жағдайларға әкелуі мүмкін.

Қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерде глюкозаны жақсы бақылағанда көп жағдайда қолайлы аяқталады. Егер әйелде диабеттік нефропатия бұрын болмаса, жүктілік оның дамуын жылдамдатпайды. Жүктіліктің қолайсыз аяқталу қаупі (преэклампсия, ұрықтың құрсақ ішілік өлімі) диабеттік нефропатия болғанда жоғары.

Егер әйелдерде бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары (рефлюкс-нефропатия, зәр тас ауруы, аутосомды-доминантты поликистозды ауру т.б.) болса, жүктілік кезінде үнемі АҚҚ-н, бүйрек қызметін бақылау және ЗШЖИ алдын алу қажет. Несеп тас ауруынан іш ауыруы мүмкін, несепағардың обструкциясы БЖЗ –ның дамуына әкелуі мүмкін. Бұл кездерде урологтың бақылауы қажет. Керек болса несеп ағарға стент қойылады немесе теріні тесіп нефротомия жасалады. Сирек жағдайларда істеледі.

БСА-ның 5 сатысы болса, әйелдер жүктілікті жоспарламаған жөн. Жүктілік болған жағдайда бүйрек алмастырушы терапияны өткізудің кейбір ерекшеліктері бар. Жүктілік кезеңінде маңызды шешім – диализ мөлшерін жоғарылату болып табылады. Ол аптасына 20 сағаттан кем болмауы және мочевина деңгейі 15 мкмоль/л-дан төмен болуы қажет. Мерзімінен бұрын босану мен ұрықтың даму ақаулары жиі байқалады.

Бүйрек трансплантациясы жасалған реципиенттерде жүктілік бірқатар мына жағдайларда қолайлы аяқталуы мүмкін:



  • Трансплантант қызметі тұрақты болғанда

  • Протеинурия болмаса немесе ол өте аз деңгейде болса

  • АГ болмаса немесе ол емге көнетін орта деңгейлі болса

  • Трансплантант уродинамикасының бұзылыстары болмаса

  • Иммуносупрессанттар аз мөлшерде қабылданса

Ана жағынан да, сонымен бірге ұрықта да болатын асқынулар негізінен әйелдер қабылдайтын иммуносупрессияға байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет