Кезеңдер
|
Жаттығулардың негізгі тақырыбы
|
Сұрақтардың түрлері
|
Ретке келтіру
|
Оқушыларға тақырыппен танысуға мүмкіндік беру.
Тақырып бойынша оқушыларды
қызықтыратын мәселелерді анықтау.
|
Тақырып қандай? Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет?
|
Зерттеуге дайындық
|
Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау. Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу.
Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды
жоспарлауға көмектесу.
|
Біз ілгеріден бұл тақырып туралы не білеміз?
Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар?
Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың?
|
Зерттеу
|
Оқушылардың білімге
қызығушылығын одан әрі ынталандыру.
Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну.
Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсыну.
Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру.
Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен
жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу.
|
Біздің нақты нені білгіміз келеді?
Мұны істеудің ең тиімді жолы қандай?
Ақпаратты қалай жинаймыз?
|
Сұрыптау
|
Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпарат пен идеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну.
Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру.
Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беру.
|
Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз?
Қандай байланыс орната аламыз?
Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз?
|
Алға ілгерілеу
|
Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру.
Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну.
|
Біз қандай қорытындыларға келдік?
Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?
Алынған нәтижелермен не істейміз?
Біз келесі әрекеттеріміз қандай болу керек?
|
Байланыс орнату
|
Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауына көмектесу.
Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік беру.
|
Біз қандай қорытындыға келдік?
Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?
Нәтижелерді қалай пайдаланамыз?
|
Шара қабылдау (әрекет)
|
Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында
байланыс орнатуға көмектесу. Оқушылардың таңдау жасауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндіктер жасау.
Тақырыпты одан әрі жоспарлау
барысында оқушылардың түсінігін ескеру.
|
Біз қандай әрекет жасай аламыз?
Тақырып туралы енді не ойлайсыз?
|
Кестедегі ақпарат Хэмстон мен Мердоктың еңбегінен алынды (Hamston, J. and Murdoch, K.,1996).
ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндердің оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі.
Оқу мақсаттары жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын ресурстар ұсынылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайды. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттер тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Достарыңызбен бөлісу: |