«Негізгі құралдар есебі» тақырыбы Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Дата22.05.2022
өлшемі19,18 Kb.
#144513
Байланысты:
4 апта СӨЖ
matematika 2021 78, yanowitz frank g vvedenie v interpretatsiiu ekg, Оториноларингология

«Негізгі құралдар есебі» тақырыбы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Негізгі құралдар түсінігі. Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өніммен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

  2. Негізгі құралдар қандай түрлерге бөлінеді? Негізгі құралдардың екі түрі болады: өндірістік негізгі құралдар және өндірістік емес негізгі құралдар.

  3. Негізгі құралдарды бағалау түрлері? 1. Өзіндік (бастапқы) құны 2. Жойылу құны 3. Амортизациялық (тозу) құны 4. Әділетті (сатып өткізу) құны 5. Баланстық құн 6. Өтелмелі құны

  4. Негізгі құралдар қандай операциялар нәтижесінде түсуі мүмкін? Негізгі құралдар түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімімен» (НҚ-1 нысаны) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі.

5.Қандай операциялар нәтижесінде негізгі құралдар кәсіпорыннан шығуы мүмкін? Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі. Негізгі құралдар кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:
- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;
- моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;
-объектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;
- табиғи апат, авария және басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде;
- басқа субъектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша тапсыру;
- бұрын жалға сатып алу құқығымен берілген объектілер бойынша меншік құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;
- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;


  1. Негізгі құралдардың тозуы деп нені айтады? Тозу дегеніміз-негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.

Негізгі құралдар шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндылықтарын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Оны амортизация деп атаймыз.

  1. Тозудың экономикалық мазмұны қандай? Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі құрал объектісінің жалпы өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компоненті жеке амортизациялануы тиіс. Негізгі құралдардың амортизациялық құны жүйелі түрде объектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып отырылуы керек.

8.Негізгі құралдардың тозу түрлерін атаңыз? амортизация есептеудің 3 әдісі бар:
1.құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
2.құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
3.жеделдетіп есептен шығару;
а)қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
б)құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құрадцардыңтүрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құраддың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.


9.Негізгі құралдардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі? 2410
10.Негізгі құралдардың тозуының есебі қандай шоттарда жүргізіледі?2420
11.Негізгі құралдар құнын бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісінің мәні? Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің кұны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзактығына байланысты болып келеді.


12.Амортизация есептеудің кемімелі қалдық әдісінің мәні? Кемімелі – қалдық әдісі.
Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
13.Өндірістік тәсіл бойынша амортзация қаалй есептеледі? Амортизацияны (тозуды) орындалған жүмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет