бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің
бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.
Дарындылық
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық – өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов). Жалпы дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы. Арнайы дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді». Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың сапалық ерекшеліктері
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен
де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу –
психологияның маңызды міндеті.
Джигсо әдісі
Ең алғаш Джигсо әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) әзірлеген. Бұл бойынша оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімін терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін
тыңдауды үйренеді.