Алғыс сөз Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 7-сыныбына «Қазақ тілі» пәніне арналған негізгі оқулыққа қосымша құрал. Қосымша оқу құралы мемлекеттік білім беру стандарты негізінде құрастырылған осы сыныптың бағдарламасына сәйкес жасалды. Атап айтсақ, еңбектегі материалдар бағдарламада берілген тақырыптарды толықтырады. Сондықтан грамматикалық тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөздік, жаттығулар, өзара сөйлесімдер негізгі бағдарламадағы тақырыптармен сәйкес.
Қосымша материалдың мақсаты: оқушыны сауатты жазуға, сөйлеу үлгілері бойынша сөз тіркестерін, сөйлем құрап жазуға, антоним және синоним арқылы сөз байлығын дамытуға, коммуникативтік бағытта берілген диалогтерді толықтырып жазуға, тақырып бойынша шағын әңгіме құрауға үйретеді. Оқушылардың қазақ тілін жеңіл, ұтымды түрде меңгеруіне әсер етеді. Сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері мақал-мәтелдер жұмбақ, жаңылтпаштар берілген. Барлық тапсырмалар оқушы тілінің дұрыс, анық дамуына игі әсер етеді. Қосымша материалдың әдістемелік құрылымы тіл үйретуде тиімді әрі икемді және пайдаланылған мәтіндердің танымдық-тәрбиелік, ақпараттық мазмұны бай.
Берілген көмекші құрал 7-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті өзге тілде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған. Көмекші құралдың негізгі мақсаты оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Әр алуан тапсырмаларды орындау арқылы өз ойыңды, пікіріңді айтуға үйренесің, тағылым аласың. Атап айтқанда, « Көп тіл білгім келеді», «Талаптыға нұр жауар, «Қазақ тілі» өлеңі тақырыптарында өзің өмір сүріп отырған ортадағы әртүрлі мәселелерге байланысты ойыңды білдіруге дағдыланасың. Ал «Біз отбасымызбен мемлекеттік тілде сөйлейміз» , «Ұлттық рухы күшті адам»,
« Ұлы дала өркениеті» «Отырар өркениет ордасы» және « Ұлы жібек жолы» тақырыптары туған жеріңді қадірлей білуге шақырады. « футбол ойнаймыз, «Еңбек-денсаулық кепілі»», «Еңбек етсең ерінбей», «Еңбектеп келген жеңіс »,
« Көне Отырар» тақырыптары бойынша берілген оқу материалдары еліңнің патриоты болуға үйретіп, отаншылдыққа баулиды.
«Ұлттық команда», « Уақыт алтыннан қымбат» «Жеңіл атлетикаға қатысамын» «Д. Дефо «Робинзон Крузо», тақырыптары болашақ өміріңді жоспарлауға көмектеседі, бағыт-бағдар береді.
7 сынып тапсырмалар бойынша әдеби шығармаларды оқу арқылы да әдеби тілде сөйлеуге дағдыланасың. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірімен танысасың Ғабиден Мұстафин . Ақиық ақын М. Мақатаев өлеңдеріндегі, Ә.Нұршайықов шығармасындағы қазақтың ізгі дәстүрінен хабардар боласың. Әлемге танымал қазақ жазушысы М. Әуе- зов пен қырғыз қаламгері М Жұмабаевтың дүниежүзі халықтарының көпте- ген тілдеріне аударылған белгілі романдарынан үзінділер оқисың. Сондай-ақ тарихи шығармалар жазған Ғ. Мұстафин, балалар ақындары — М. Жұмабаевтың өлеңдерінен тәлім-тәрбие аласың.