деп Абай атын барлық
ақындардың басы деп дәріптеп, оның еңбегін жоғары бағалап биік
қояды. Ал Шәкәрімді «ертеден бұл алашқа аты мәлім, ерте оянған кісінің бірі осы» дей
келіп:
Демеңіз тымақ киген жай бір қазақ
Киген киімі, жүрісі, түріне қарап,
Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ
Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап!
деп таныстыра отырып, оған деген көзқарасы жоғары екенін суреттейді.
Менің ойымша, С.Торайғыров бұл өлеңі арқылы бір жағынан Алаш
қайраткерлерінің
қандай жан екенін, халыққа атқарып жатқан істерінің зая кетпегенін халыққа таныстыру
мақсатында жазса, ал екінші жағынан сол қоғамдағы қарама қарсы тұлғалардың іс әрекетін
әшкерелей отырып, оларды қаралайды. Себебі, өтірік
халыққа жақсы атты болып, сыртынан
іс тындырып жүрген, басшылыққа ұмтылған адамдар жайында айтып өтеді:
Топ берме, құр даурықпа, жеңіл ақыл
Көрмегенсіп жүретін жұртты мақұл.
Болмаса ақкөңілсіп жылайтыны
Тіпті ғылым, таланттан бойы тақыр.
Осы арқылы олардың іс әрекеттеріне өзінің қарсылығын білдіре отырып, бізді осындайдан
аулақ болуға тәрбиелейтіндей.
Қорыта келе, бұл поэмада қаламгер халықты білімді, ел қамын ойлайтын
көшбасшылардың жанына бірігуге үндей отырып, зиялыларды мақтан тұта білді. Бірақ
өкінішке орай, бұл шығарма сол заманда ұлтшылдық сарын басым деген атпен жабылып, тек
еркіндікке қол жеткізген жылдары ғана өз мақсатын орындай алды деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: