жатқан арам істері, озбырлығы мен зорлығы болып отыр деп ойлаймын. Сондықтан да
Құрман ашулы да ашынулы. Өйткені қайда барса да алдынан шығатыны қорлық,
адамдардың теңсіздігі, біріне бірі қайырымсыздығы себепкер. Жүрегінің оты бар Құрман
сияқтылар қашанда бостандыққа құмар келеді. Себебі, бостандық олар үшін теңдессіз
бақытқа тең. Ешкімге тәуелді боп, табанын жалағысы келмейді. Ашу мен ашынудан
айбаттанған Құрман ,кектен қайраттанған ол, тіпті, қошеметшісі, қолдаушысы көп байдан да
тайсалмайды. Өз бақыты үшін күресу жолында ол қаймықпастан жесір қызды алып қашып,
жұрттан алыс таудағы үңгірде ғұмыр кешеді. Ал оның Жамалмен бірге өмір сүруі еркіндікке
құштарлықтан туған қайрат еді. Ол үшін бақыт – бостандықта.
Қорыта келе, еркіндік үшін қанжығадан күрісуге бейіл Құрман тағдыры ақынның
аңсарынан туған ниет десекте болады. елден жырақ өмір сүру ол үшін бақыт екендігін
Мұқағали түміндіре отырып, қоғамда ондай адамдардың бар екендігін және бағзыдан
бүгінге ұласып, үзілмей келе жатқан құштарлық, ұлы арман бұл туындыда өмірлік шындық
арқылы өрнектелген.
Достарыңызбен бөлісу: