тоқтауы болмады дегенді жеткізеді. Жастар тәрбиеден танып, ата жолын кесер ұл мен
қыздың өсіп келе жатқанына налиды.
Менің пайымдауымша, бұл белгілер қазіргі заманмен ұқсастығы бар ма? Бар болса қандай?
Заман көркі жастар болса, екі заман кезеңіне салыстыру талдау жасайық.
Біріншіден, қазіргі заманда да азулының қолы асып, азусызға тарлық етеді деп айтуға
болады. Себебі, қолында билігі бар адамның ақшасы болса, бәрін сатып алуға дайын тұрады.
Екіншіден, жастар еліміздің болашағы, келер күннің айнасы деп айтқанымызбен, бүгінгі
жастар бойынан іліп алар жақсы қасиетті дөп басып айту қиын. Олардың тіл шорқақтығы
мен мәдениетсіздігін былай қойғанда,адамға деген сыйластығы мен қарым қатынасын көріп
қарның ашады.
Зар заманның белгісі,
Ұлың көңілің бір бөлек,
Қызыңның көңілі бір бөлек
Өзіңнің көңілің бір бөлек...
деген жолдарынан ақ зар заманша ұқсастықты байқаймыз.
Қорыта келе, ақынның бұл мұрасы қазақ қоғамының бүкіл дәуірін қамтитындай. Қай
заманды алып қарасақта, заман қайтіп оңалсын деп ашынып, түзеткіміз келетіндей.
Достарыңызбен бөлісу: