Екіншіден, табиғат пен адамды егіз санауының бірден бір себебі шаруа адамының
көзқарасы тұрғысынан қарап, күз бен қыстың бейнесін қысылшаң әрі қытымыр етіп
суреттейді. Өйткені мал баққан қара қазақ табиғат арқылы ауа райын болжап, қыс қыстауға,
күз күзеуге шұрайлы қоныс үшін көшіп отырған.
Қорыта келе, Майлықожаның табиғат жанрына арналған бұл өлеңі адам мен табиғат егіз
ұғым екенін дәлелдей отырып, шаруа адамының ауыр да қиындыққа толы тұрмысын табиғат
арқылы дәл жеткізе білген. Бұл өлеңдер қазақ поэзиясында қосылған өзіндік үлес екені анық.
Достарыңызбен бөлісу: