Жаңа сабақ
ДЖИГСО әдісі бойынша 3 топқа бөліп теориялық материалды меңгереді.
1 – топ Механикалық энергия тобы
2- топ Кинетикалық энергия тобы
3-топ Потенциалдық энергия тобы
С ығылған серіппенің кері тебілу барысында денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі. Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті екенін білеміз.
Қ озғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына тәуелді.
Д ененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде
1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.
Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.
Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.
Кім жылдам? Әдісі
1.Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?
2.Энергия дегеніміз қандай шама?
3.Жұмыс пен энергияның бірліктері қандай?
4.Механикалық энергия деп нені айтамыз және оның қандай түрлері бар ?
5.Дененің кинетикалық энергиясы қандай шамалармен өрнектеледі?
6.Кинетикалық энергияны есептеу формуласы қандай?
7.Сен тұрған жерде энергияның қандай түрі қолданыста ?
8.Энергия деңгейлері айырымдарының физикалық мағынасы қандай?
9.Сенің энергияң бар ма?
10.Энергия жоқтан бар болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді! - дегенді қалай түсінесің?
Достарыңызбен бөлісу: |