3. 4.1.1 (МК; Ө; Т; Қ) Көп нүктенің орнына тиісті
əріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
22-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Сол сөздердегі в дыбысын б дыбысы бар сөздермен
салыстырып, ой тұжырым жасайды.
3.1.4.1 (Т) Суреттегі тірек сөздермен сипаттау мəтінін құрастыру.
Велосипед суретіндегі үшбұрыш пен дөңгелектердің санын анықтайды.
Топта ауызша талқылаулар жасап, велосипед суретінде берілген тірек сөздермен сипаттау мəтінін құрастырады.
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау. Жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялайды.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды. Үлгі:
• сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
• берілген тақырыпқа сəйкес тірек сөздерді орынды қолдану;
• интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
• сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау.
Дескриптор:
В əрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай
алады.
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай
алады.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|