Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет22/43
Дата09.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#174057
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
7сынып 3тоқсан 382 бұйрық
Семинар сабақтары-молек.биология
Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

12 Практикалық жұмыс.Атмосфералық қысымның бар екендігін зерттеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Ауа қабаттарын ажыратады, атмосфералық қысымның физикалық мағынасын біледі
Көптеген оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымды өлшеу әдістерін логикалық сұрақтар арқылы түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгерісін есептер шығару арқылы көз жеткізеді.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

15 минут


Кері байланыс
Сабақтың соңы.

10 мин
Рефлекция


Бағалау

Үй тапсырмасы


Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Жаңа сабақ.
«Ширату» жаттығуы.Біз қалай тыныс аламыз?
1) Диафрагма өкпенің көлемін ұлғайтады. Өкпедегі ауаның қысымы ... Ол атмосфералық қысымға қарағанда ... Ауа өкпеге енеді.
2) Диафрагма өкпені қысқанда, өкпенің көлемі кішірейеді. Сондықтан өкпедегі ауаның қысымы ... Ол атмосфералық қысымға қарағанда ... Ауа өкпеден сыртқа шығады.


1 тапсырма.«Сәйкесін тап» әдісі (I)
Суретте ауа қабаттарына сәйкес келетін денелердің орналасуын анықтаңыз.



2 тапсырма.«Ойлан,тап» әдісі(I) жеке жұмыс

  • Адамның денесіне ауа қысым түсіреді. Ауаның салмағы жүк тиелген КАМАЗ-дың салмағына тең. Оның массасы 10 тонна. Неліктен адам атмосфералық қысымды сезбейді?

  • Барометр –анеройдты пайдаланып,мектеп үйінің бірінші және ең жоғарғы қабатындағы атмосфералық қысымды өлшеңдер.Өлшеу нәтижелеріне қарап,сол қабаттардың арақашықтығын табыңдар?

  • Стакан,су,қағаз.Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде,су ақпайды?Неге?

3 тапсырма.«Кім жылдам» әдісі арқылы есептер шығару (I)



  1. Эйфель мұнарасының етегінде атмосфералық қысымның 745 мм сын. бағанасына тең. Мұнараның биіктігі 324 метр. Мұнараның үстіңгі бөлігіндегі қысым нешеге тең?




  1. Қалыпты қысымдағы суға толтырылған бағананың биіктігін тап.




  1. Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм сын.бағанына, ал оның ұшар басындағы қысым 722 мм сын.бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?

Кері байланыс. «Тазалық»
Чемодан – керекті ақпарат
Ет тартқыш – әлі оқуым керек, толықтыруым керек
Қоқыс жәшігі – қате пікірлер

Бүгінгі сабақ бойынша рефлекция


Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау


1 топ. Атмосфералық қысымның техникада қолданылуы


2 топ. Атмосфералық қысымның медицинада қолданылуы
3 топ. Атмосфералық қысымның тірі табиғаттағы қолданылуы

Оқушылар барлығы жақсы көңіл-күймен сабақты бастайды.
Біз қалай тыныс аламыз деген сұрақтың негізінде бүгінгі сабақ тақырыбын ашады

Оқушылар суреттегі ауа қабаттарын жазып көрсетеді.


Оқушылар атмосфералық қысымға байланысты тәжірибе жасап көрсетеді.

Оқушылар жылдамдыққа байланысты еептер шығарады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет