Тапсырма-3. Деңгейлік тапсырмалар «Шешуші үштік» есептер шығару (I)
1.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 5 м2. Оған әсер етуші күш 200 Н. Үлкен поршеннің ауданы 150 м2. Осы жағдайда үлкен поршеньге әсер ететін күш?
2.Гидравликалық пресс 2,7 105Н күш өндіруі керек. Кіші поршенінің диаметрі 3 см, ал үлкенікі – 90см. Кіші поршеньге қандай күш түсіреді?
3.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 5 см2, үлкен поршенікі 500 см2. Кіші поршеньге 400 Н, үлкен поршеньге 36кН күш әрекет етеді? Бұл пресс кұштен қанша ұтыс береді? Престің күштен максимал(ең көп шамада) ұтыс бере алмайтын себебі неде? Поршень мен пресс қабырғалары арасында үйкеліс күші жоқ болған жағдайда бұл пресс күштен ұандай ұтыс беруі тиіс еді?
Сабақ соңындағы рефлекция:
– Сабақ барысында көңіл – күйіңіз қандай болды?
– Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
– Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
– Сабақта қандай қиындықтар туындады?
– Сабақ аяғындағы көңіл – күйіңіз?
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Эксперименттік тапсырма
|
Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Оқушылар топпен бірлесіп бейне жазбадағы білімге сүйеніп, кестені толтырып, талдайды, түсіндіреді.
Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, мәтінге байланысты өз пікірі мен дәлелдерін ұсынады.
Оқушылар жеке өздері теорияда алған білімдерін, еcеп шығаруда көрсетеді.
|