Бұл өнімнің тұтынушылықты ойдағыдай қамтамасыз ететін



бет3/4
Дата23.11.2022
өлшемі108,16 Kb.
#159504
1   2   3   4

Демингтің 14 принципі

  • Мақсат тұрақтылығы: Алдыңызға мақсат қойып үздіксіз өнімдер мен қызметтеріңізді жақсартумен, дәл қазіргі пайда үшін емес, қорларыңызды ұзақ уақыттық мақсат пен қажеттеріңізді қамтамасыз ету үшін, бәсекеге қабілетті болу үшін және адамдарды жұмыспен қамтасыз ету үшін жұмсаңыз.
  • Жаңа философия: Жаңа философия қабылдаңыз. Біз Жапония бастаған жаңа экономикалық дәуірдеміз. Біз әдеттегі қабылданған кідіріс, қателер, материалдар ақаулары, жұмыс қателері деңгейлерінде бола алмаймыз. Экономиканың одан әрі құлауын тоқтату мақсатында батыстық менеджмент стилін түрлендіру қажет.
  • Жаппай тексеруден құтылу керек: ең алдымен өнімге сапаны «енгізу» арқылы сапаға жету тәсілі ретінде жаппай тексеріс пен бақылауды жою керек. Өндіріс кезінде де, сондай ақ сатып алынатын функцияларды жасау кезінде де «енгізілген» сапаның статистикалық дәлелдерін талап етіңіз.
  • Ең төменгі бағамен сатып алу тәжірибесін жою керек. Оның орнына, бағасымен қатар, сапасын көрсеттеін айғақтар талап еті. Бір өнімнің сапасын статистикалық түрде дәлелдей алмағандардан бас тарту арқылы Бір сол өнімнің жеткізушілер санын қысқарту керек. Ұзақ мерзімдік өзара мойынсыну мен сенім орнату негізінде берілген компонентті тек бір өндірушіден алуға ұмтылу керек. Бұл жағдайдағы мақсат — бастапқы шығындарды ғана емес, жалпы шығындарды азайту.
  • Әр процесті жетілдіріңіз. Барлық жоспарлау, өндіріс пен қызмет көрсету процестерін бүгін және әрқашан жетілдіру керек. Компанияның барлық іскерлігін және функцияларын жетілдіру, сапа мен өнімділікті жақсарту, осылайша шығындарды азайту мақсатында әрқашан ақауларды іздеңіз. Жасау мен жобалау, бөлшектер мен материалдарды жеткізу, құрылғыларғы қызмет көрсету мен оның жұмысын жетілдіру, ұйымды басқару мен мамандарды дайындау мен қайта дайындау жолдарын жақсарту жүйелерін үздіксіз жетілдіру — басшылықтың ең басты міндеті.
  • Мамандарды дайындау мен қайта дайындау тәжірибесін енгізіңіз: Барлық жұмыскерлерді, басшылар мен бастықтарды қосқанда, олардың мүмкіндіктерін толықтай пайдалану мақсатында заманауи дайындау тәжірибелерін енгізу керек. Материалдар, тәсілдер, өнімдер мен құрылғылар, технология мен функциялардың, және қызмет көрсету жолдарындағы өзгерістерді қабылдап үлгеру үшін жаңа икем мен шеберлік керек.
  • Көшбасшылықты енгізіңіз. Жұмыскерлерді өз жұмыстарын өте жақсы істету мақсатында көшбасшылық тәжірибесін жұмыс істеу тәсілі ретінде игеріп енгізу керек. Барлық деңгейлердегі басшылар жай цифрларға ғана емес, сапаға жауапты болу керек. Сапаны жақсарту автоматты түрде еңбек өнімділігін арттырады. Басшылар мен басқарушылар ақаулар табылғанда, құрылғылар істемей қалғанда, нашар құралдар, нақты емес жұмыс нұсқаулары болғанда және басқа сапаны төмендететін осындай факторлар болғанда дереу шара қабылдау керек.
  • Қорқыныштарды жою керек. Әркім компания мүддесі үшін эффективтірек және өнімдірек жұмыс істеу үшін екіжақты эффекті байланыстарды қолдап және қорқу мен қобалжуларды, ұйым ішіндегі дұшпандықды жою мақсатында басқа да жолдарды пайдалану керек. Кез келген өзінің басшысы алдында қорқыныш сезімі бар жұмысшы басшысымен толыққанды серіктес бола алмайды. Бұл жағдайдағы күтуге болатын ең жақсысы — өкпелік бойсыну, яғни басшылықтың талап еткені де осы. Бірақ бұл жағдай ешқашан жақсы нәтижелерге әкелмейді. Шынайы серіктестік оқшауланған жеке талпыныстға қарағанда одан да жақсы табыстарға жеткізеді. Бірақ ондай байланыс орнау үшін өзара сенім, құмет, өзіне сенімділік керек. Қорқынышпен жұмыс істейтіндер өздері қорқатын адамдарының көз алдына түспеуге тырысады. Негізгі тілегі — көрінбеу болып табылатын адамдардан потенциалды мүмкіндіктеріне сәйкес қайтарылымды қалай күтуге болады?
  • Бөлімшелер (қызметтер, бөлімдер) араларындағы тосқауылдарды жойыңыз. Әр сала бөлімшелеріндегі адамдар: зерттеушілер, әзірлеушілер, өндірушілер, коммерциялық және әкімшілік өкілдері — барлығы өнімдер мен қызметтерде болуы мүмкін мәселелерді шешу мақсатында командаларда (бригадаларда) жұмыс істеулері қажет. Компаниялар көпшілігі функционалдық принципте ұйымдастырылған, ал олар функционалдық ықпалдастық шартында жұмыс істеулері қажет.
  • Бос үндеулер мен ұрандардан арылу керек. Жұмыскерлерді қатесіз жұмыс істеу, өнімділіктің жаңа деңгейіне шақыру және т.с.с., ал сол мақсаттарға қалай жету жолдарын айтпайтын плакаттар, үндеу мен ұрандардан бас тартау керек. Бұндай үндеулер тек қана адамдардың ашуын туғызады; төменгі сапа мен өнімділіктің негізгі проблемалары жүйеге байланысты, сондықтан да оларды шешу қарапайым жұмыскерлерінің мүмкіндіктерінен тыс жатыр.
  • Кез келген сандық меже мен тапсырмалардар арылу керек. Басшыларға сандық меже және жұмыскерлерге квота, кез келген норма орнататын жұмыс инструкциялар мен стандарттан арылу керек. Олардың орнына үздіксіз сапа мен өнімділікті арттыру мақсатында жоғарғы басшылар тарапынан қолдау мен көмекке алмастыру қажет.
  • Жұмыскерлерге өз еңбектерін мақтан тұтуға мүмкіндік беріңіз. Жұмыскерлер мен басшыларды еңбектерін мақтан тұтуға мүмкіндік бермейтін бөгеттерден құтылу керек. Бұл басқалардан бөлек жыл сайынғы (жұмыскерлердің іскерлігін бағалайтын) аттестациялардан және мақсаттармен басқару тәсілдерінен арылу керек деген сөз. Және тағы да, менеджерлер, контролерлар, шеберлердің жауапкершілігі сандық көрсеткіштерден сапаға жетуге бағытталу керек.
  • Білімге құштарлықты қолдаңыз. Барлық жұмысшылар үшін белсенді өзін өзі жетілдіруді қолдау және білім алу бағдарламасын қабылдаңыз. Ұйымдарға жай ғана адамдар емес, білім алу барысында жетіліп дами беретін жұмысшылар керек. Бәсекеге қабілетті болудың бірден бір қайнар көзі — білім.
  • Сапаны өсіру ісіне берілгендік пен жоғарғы басшылықтың іскерлігі. Жоғарғы басшылық іскерлігінде толыққанды және тұрақты түрде сапа мен өнімділікті арттыру және жоғарғы принциптердің барлығын міндетті түрде іске енгізу немесе қолдану жауапкершілігі болуы тиіс. Әйтсе де, онымен қоймай, яғни жоғары тұжырымды шын жүрекпен қабылдап қана қоймай оны толықтай түсініп, және қалай іске асыруға болатынын білуі тиіс. Жоғарғы басшылық құрамында жоғарыда айтылған 13 принциптің іске асуына күн сайын дем беріп тұратын жеке құрылым жасау керек. Жай қолдау ғана жеткіліксіз, бұл жерде нақты іскерлік керек.

Өнім сапасына əсер ететін факторлар

  • Жалпы өнімнің бəсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар əсер
  • етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы жəне ішкі. Сыртқы факторларға
  • мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет