киім, көлік, байланыс құралдары мен дене тәрбиесін және т.б. қамтиды, қысқаша
айтқанда, адамның қолымен жасалынған өзін қоршаған заттық ортасы.
Материалдық мәдениетке еңбек пен материалдық өндіріс мәдениеттері,
тұрмыс мәдениеті, тұрғылықты мекен-жайдың, ауыл, қала мәдениеттері, адамның
өзінің кескін-келбеті мен сымбатына деген қарым-қатынас мәдениеті де жатады
Рухани мәдениет – философия, құқық, этика, эстетика, ғылым, білім, әдебиет,
діни-мифологиялық сенімдерді, яғни адамдардың рухани дүниесін қамтитын
сананы қарастыратын таным, адамгершілік, тәрбие беру және білім алуды
қамтиды. Рухани мәдениет ол көп салалы болып келеді де философиялық,
адамгершілік, көркемдік, құқықтық, педагогикалық, діни-танымдық және
интеллектуалдық мәдениеттерді қамтиды.
«Мәдениет» (культура) терминi латынның «cultura» сөзiнен келiп шыққан,
топырақты өңдеу, культивация жасау деген ұғымды бiлдiредi. Гректер культура
ұғымын «пайдея» - бала жетектеуші, білім беруші, ал римдіктер тәрбиеші, ұстаз
мағынасында қолданған, араб тілінде «маданият» - қала деген мағынаны білдірді.
Мәдениет ұғымы және оның мәні туралы ерте дәуірден бастап-ақ философтардың
еңбектерінде көзқарастар қалыптасқан. Б.з.д. 45 жылы рим философы М.Цицерон
«Тускулан әңгімелері» шығармасында мәдениет дегеніміз адам жанын рухани
жетілдіру деп түсіндірген. «Мәдениет» түсінігінде адам өмірінің шығармашылық
қызметі мен оның биологиялық формасының арасындағы айырмашылық жатады.
Мәдениет жайлы түсініктердің тарихи қалыптасып дамуына, оларды ғылым
саласы ретінде жүйелеп саралауға неміс оқымыстылары көп еңбек сіңірді. Алайда,
олардың мәдениеттануды жеке ғылым саласы етіп жасауға ұмтылғандарымен,
алғашқыда оның зерттеу саласы тек қана дін болып қалды. Ал мәдениеттану өзінің
дербес зерттеу объектісі бар бүгінгі кейпінде ХХғ ғана пайда болды.
Мәдениеттану ғылымының қалыптасуына американдық ғалым Л.Уайт (1900-
1975) өзінің «Мәдениет жайлы ғылым» (1949) атты кітабы арқылы көп еңбек
сіңірді. Оның еңбегі мәдениеттің зерттеу пәнін анықтауда өте зор. Ол өзінің осы
танымал еңбегінде мәдениеттанудың зерттеу объектілерін топтастыра келіп, үш
жүйені бөліп көрсетеді. Олар: технологиялық, әлеуметтік және идеологиялық
жүйелер. Оның біріншісі өндіріс құралдарын қамтып, адам мен табиғаттың өзара
қатысын реттеуге бағытталған. Екіншісі адамдар арасындағы – экономикалық,
адамгершіліктік, саяси қатынастарды құрайды. Үшінші жүйенің мазмұны идеялар,
наным-сенімдер, аңыз-әпсаналар және білімдерден тұрады. Бұл жүйелердің
ішіндегі бастысы ретінде алғашқы жүйені атап өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: