Л.Гумилев тарихи процесс негізі – этнос деп қарастырды. Этнос – нақты
территорияны мекендеуші адамдар қауымдастығы, оларды пассионарлық рух
біріктіреді.
3.
Мәдениет процесс ретінде. Мәдени дамудағы тұрақтылық пен өзгергіштік,
прогресс пен регресс. О.Шпенглердің өркениеттік көзқарасына қарсы пікір айтқан
М.Бахтин «сұқбаттық» тәсілмен мәдениетті ашық жүйе, өзара сұқбат арқылы
дамитындығын түсіндіреді. Мәдени-тарихи процесс үздіксіз дамиды. Мәдениет
адам тұлғасынсыз алға жылжымайды. Тұлға мәдениетті жасамй отырып, өзге
мәдениеттермен сұқбат құруға үйренеді ( «сөз, тіл және бейнелеу-көркемдік
болмыс»). Сұқбаттық идеяға қазіргі ассимиляциялық теориялар сәйкес келеді.
Ассимлияция – латын тілінде: қолдану, бірігу, сіңу деген мағынаны білдіреді.
Мұнда қазіргі европалық мәдениеттердің ерікті бірігуі, сңіуі туралы мағынада
айтылады. Дегенмен, ХХІ ғасыр мәдениеті көп келбетті, әр мәдениет өзінің ұлттық
болмысын сақтап қалуға ұмытылуда. ХХІ ғасыр қарсаңында «дүние жаңа
қатынастар қалыптастырудың атымен жаңа күрделі кезеңіне өтті...» (Н.Назарбаев.
Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996, 79-бет).
Достарыңызбен бөлісу: