Мәдениеттану пәні бойынша негізгі түсініктер
(ГЛОССАРИЙ)
Аксиология
– құндылық туралы ілім.
Аномия
– (грекше а-жоққа шығару, nomos-заң деген мағынада) қоғамның
құндылықты-нормативті жүйесіндегі ауытқушылықтың түрлерін білдіреді.
Антропология
– адам туралы ілім.
Биография
– (грекше өмірді сипаттау деген мағынада) индивидтердің өмір
жолын зерттеуде қолданылады.
Бихевиоризм
– (ағылшынша тәртіп деген мағынада) оқиғаны немесе
әлеуметтік топтың тәртібін зерттегенде оған қатысты адамдардың тәртібін жекелеп
зерттеу арқылы шындыққа көз жеткізуге болады деп дәлелдейтін әлеуметтанудағы
ғылыми бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: |