Индивид – (латынша бөлінбейтін, кісі) халықтың, қоғамның, топтың жеке
мүшесі.
Интеграция – (латынша толығу немесе тұтас деген мағына береді)
осыған дейін бір тәртіпке келмеген оптардың бірігкуі, жүйелене жинақталуы.
Интеллигенция – (латынша түсінетін, білетін, ақылды деген мағына береді)
ақыл-ой еңбегімен шұғылданатын адамдардың әлеуметтік қабаты.
Инфрақұрылым – (төмен, асты деген мағынада) экономикалық және
әлеуметтік қатынастардың нәтижесінен қалыптасқан, тұтынушыларға қызмет
көрсетуге бағытталған мекемелердің, транспорттық құралдардың және т.б.
жиынтығы.