Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткен "дөңгелек үстелде" айтылды



Дата25.01.2017
өлшемі29,18 Kb.
#7747
Ақмарал Есдәулетова
Орманшы даярлау оңай ма?
Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткен "дөңгелек үстелде" айтылды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, облыстың 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған "дөңгелек үстелде" аға ұрпақ өкілдері мен жастардың кездесуі болды. Орман шаруашылығында кадрлар резервін даярлау тақырыбында келелі әңгіме өрбіген жиында көптеген тың ойлар айтылды. Жастарды орман шаруашылығына тарту мақсатында ұйымдастырылған шарада саланың жаңа мумкіндіктері жайлы мағлұмат беріліп, аға ұрпақ өкілдері өз ойларымен бөлісті.

Соколов орман шаруашылығы мекемесінің директоры Владимир Пеганов пен Қызылжар орман шаруашылығы мекемесінің инженері Ербол Бапашев атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, олар жастарды осы салада жұмыс істеп, орман байлығын қорғауға шақырды. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ауыл шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, доцент,ғылым кандидаты Күлбарам Баязитова орман шаруашылығы мамандықтары бойынша оқитын студенттердің саны саусақпен санарлық-тай ғана екенін жеткізді. Бірақ, саны аз болса да, олардың алған білімінің сапасы жақсы. Республикалық деңгейде өтетін сайыстардың нәтижелері осыны айғақтаған.

Күлбарам Баязитованың айтуынша, бүгінгі таңда 1-4-курста 19 студент қана білім алуда. Ол жастарды аталмыш мамандыққа көбірек тартып, олардың білімі мен білігін шыңдау үшін студенттердің орман шаруашылығы мекемелерінде тәжірибеден өтулері маңызды екенін атап етті. Осыған орай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларынан бұл мәселеге ерекше назар аударуды сұрады.

"Дөңгелек үстел" барысында орман шаруашылығы саласының ардагері Василий Звериченко да сөз алып, болашақ орманшыларға бұл саланың табиғи байлығымызды қорғаудағы мән-маңызын түсіндірді. Орман шаруашылығы мамандықтары бойынша оқып жүрген М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Ж.Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжінің студенттері өз ойларымен бөлісіп, аға ұрпақ өкілдерімен пікір алысты. Ал шараны қорытындылаған облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Анатолий Усольцев "дөңгелек үстел" басында айтылған барлық өтініш-тілек ескерілетінін айтып, алдағы уақытта бұл мамандықтарды таңдаған студенттерге нақты көмек көрсету қарастырылатынын жеткізді.


// Солтүстік Қазақстан. - 2016. - 18 ақпан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет