Блог (ағылш blog, web log, оқиғалардың интернет-журналы) дербес, үнемі толықтырылатын веб-сайт



Дата16.04.2022
өлшемі13,59 Kb.
#139503
Байланысты:
9 СӨОЖ ГЛОССАРИЙ
1 аралық бақылау, №3 Древнегреч эпос

Аgenda setting (күн тәртібі) — медиа адамдарды проблемаларды шешуде позитивті немесе негативті шешім қабылдауға мәжбүрлей алмайды, бірақ қоғам талқылауы үшін күнтәртібін жасай алады, медианың ықпалынан кейбір тақырыптар қоғамда «өзекті» болады.
Блог (ағылш. blog, web log, оқиғалардың интернет-журналы) — дербес, үнемі толықтырылатын веб-сайт.
Блогер — блог жүргізетін адам, болған оқиғалар, жағдайлар туралы қысқаша жазбалар жазатын немесе өз ойларымен бөлісетін адам. Жазбалар кері хронологиялық тәртіппен (соңғы жазба жоғарыда) орналасады. Блогерлер фото, видео және музыкада орналастыра алады.
Медиаиндустриядағыконвергенция — дәстүрлі және жаңа медианы бірігу үрдісі. Яғни дәстүрлі медианың онлайн нұсқасы немесе балама медиа алаңдар пайда болады.
Медиақпарат/ медиа контент — масс медиадағы материалдардың мазмұны. Ол өзектілігімен (мақсатты аудитория үшін қызықты болуы), жеделдігімен, әмбебаптығымен (мақсатты аудиторияның барлығы үшін немесе көпшілігі үшін қызықты болуы шарт), анонимдігімен (мақаланың ар жағында автордың беделі ғана емес, бүкіл медианың жауапкершілігі тұр) және тұрақты ықпалымен сипатталады.
Медиабілім (media education) — тұлғаның бұқаралық ақпарат құралдары (медиа) материалдары арқылы медиамен байланысу мәдениетін, шығармашылық, коммуникативтік қабілеттерді, сыни ойлауды, толыққанда қабылдау, талдау, медиамәтіндерді талдау және баға беру, медиатехника көмегімен өз ойын білдіру формаларын үйренуді қалыптастыруды мақсат ететін даму үрдісі. Осы арқылы игерілген медиасауаттылық адамға телевизияның, радионың, видеоның, киноның, баспасөздің, Интернеттің мүмкіндіктерін белсенді қолдануға көмектеседі. Оның мазмұны: медиасаладағы мәдениеттану негіздері (медиа түрлері мен жанрлары, медианың қызметі, медиа тілі, медиамәдениет тарихы және т.б.)
Медиасауаттылық — (media literacy) —уақыт кеңістігіндегі шынайылықты ажыратып, талдай білу, медиамәтінді «дұрыс оқу» қабілеті. Ол медиа материалдарының әдістері мен ықпалын сыни қабылдап және саналы түрде баға беруді қосқанда актив немес пассив қабылдау және қолдану. Сонымен қатар, бұл ұғым медианың әр түрін пайдалану арқылы оқу, талдау, баға беру же коммуникация орнату қабілетін де білдіреді. Медиасауаттылық — медиаға қатысты сыни ойлау машығын қалыптастыруға арналған медиа білім берудің бір бөлшегі.
Онлайн — ағылшынгы «желіде», «байланыста». Қазіргі таңда көпшілікке таныс сөйлем «ғаламторға қосулы», яғни «желіде» деген мағына береді. Сонымен қатар, шынайы уақытты білдіру үшін, яғни «тікелей эфирде» қолданылады.
Папарацция — италиянша: танымал адамдарды түсіретін фотограф.
Плакат (постер) — ықшамды, бірден көзге түсетін, үлкен қағаздағы қысқа мәтіні бар түрлі-түсті сурет. Ол жарнама беру, ақпарат беру, оқу мақсатында жасалады. Бірден көзге түсуі керек.
Планшет — арнайы жуйелік блогі жоқ , пернетақтасыз,тышқансыз, функциялары шектеулі сенсорлы экраны бар планшет-компьютер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет