1. Натрий гексанитрокобальтатыныңәсерi Ол калий катиондарымен сары түстi тұнба түзедi.
2КCI + Na3[Co(NO2)6]=K2Na[Co(NO2)6]+2NaCI
2K+ + Na+ + [Co(NO2)6]3-= K2Na[Co(NO2)6]
Бұл сезгiш реакция және оның сезгiштiгi Ag+ иондарының
қатысында артады:
K+ + Ag+ + [Co(NO2)6]3- = K2Ag[Co(NO2)6]
Бiрақ ерiтiндiде CI-, J-, Br- иондары болмауы қажет, себебi бұл кезде AgCI тұнбаға түседi. Ерiтiндiнi жақсылап араластыру керек. Реакцияның рН-ы =7 шамасында болуы керек.
Қышқыл ортада тұнба түзiлмейдi, себебi ерiтiндiде мына реакциялар жүредi:
K2Na[Co(NO2)6] + 6H+ = 6HNO2 + Co3+ + Na+ + 2K+ 2Co3+ + 2CI- = CI2 + 2Co2+ 2Co3+ + HNO2 + H2O = 2Co2+ + NO3- + 3H+ 2HNO2 = H2O + NO2 + NO
Сiлтiлiк ортада қоныр тұнба түзедi:
Na3[Co(NO2)6] + 3NaOH = 6NaNO2 + Со(OH)3
K+иондарының анықталуына NH4+, J- иондары кедергi жасайды.
Р е а к ц и я н ы ң о р ы н д а л у ы. Калий түзы ерiтiндiсiнiң 2-3 тамшысына 2-3 тамшы натрий гексанитрокобальтаты (III) ерiтiндiсiн қосып, араластырады.
2. Шарап қышқылының немесе натрий гидротартратыныңәсерi Бұл реагенттер ерiтiндiнiң рН=5-7 тең және К+катионының концентрациясы жоғары болған кезде ақ кристалдық тұнба түзедi.
КСI+NaHC4O6=KHC4H4O6+NaCI
K++HC4H4O6=KHC4H4O6
Минералды қышқылдарда еридi.
КНС4Н4О6+Н+=К++Н2С4Н4О6 КНС4Н4О6+ОН-= К++ С4Н4О62- +Н2О
Бiрақ та сiрке қышқылында ерiмейдi. Қышқылдық ортаны NaOH немесе СН3СООNa ерiтiндiлерiмен, ал ол сiлтiлiк ортаны –сiрке қышқылымен бейтараптандырады.
Реакция толық жүрү үшiн шыны таяқшамен пробирканың iшкi қабырғасын үйкелеу қажет. NH4+ -иондары кедергi жасайды.