Бұлшық ет ұлпасы-адам мен жануарлар ағзасында жиырылу қызметін атқарып,қимыл-қозғалыстарды іске асырады.Сонымен қатар ішкі мүшелердің жиырылуын -жүректің соғуын,қан мен лимфаның жылжуые,несептің шығуын қамтамасыз ететін жоғары дәрежедегі маманданған ұлпалар.Барлық бұлшық ет ұлпаларына тән қасиет-жиырылғыштық.Жануарлардың барлық бұлшық еттері механохимиялық актин-миозиннің жиырылғыш жүйесінің дамуы нәтижесінде пайда болған.Бұлшық ет ұлпаларының атқаратын қызметі ұқсас,бірақ құрылысы мен шығу тегі әртүрлі.Бұлшық ет ұлпаларының морфологиялық ерекшеліктері келесілерге тәуелді:жасушалары-миоциттерге,талшықтары-симпластарға және олардың құрамындағы ұзвнша пішінді арнайы органоидтар миофибриллалар мен миофиламенттерге.Сонымен қатар ,миоциттер мен симпласттар цитоплазмасында жасуша қосындылары -гликоген,миоглобин мен липидтер және митохондрия өте көп болады.Митохондрия-арнайы органоидтар бұлшық еттің жиырылуына қажетті жылуды синтездейді.Гликоген мен липид -энергия қорын құрайды.Миоглобин -оттегімен байланысып ,оттегі қорын жинайды.Бұлшық ет жиырылып,қан тамырлары қысылған кезде,сол оттегі қоры жұмсалады.Миофибриллалар мен миофиламенттердің жиырылуы құрамындағы СА+ ионының қатысуымен актин мен миозин белоктарының өзара әрекеттесуі нәтижесінде іске асыралады.
Бұлшық ет ұлпаларының жіктелуіне морфофункциональді және гистогенетикалық ерекшеліктері негіз болған.Морфофункциональді -құрамындағы жиырылғыш органоидтарға тәуелді 2топқа бөлінеді.1.Көлденең салалы бұлшық ет ұлпалары-құрылымдық бірлігі симпластар.2.Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы-құрылымдық бірлігі миоциттер .Гистогенетикалық- шығу тегіне байланысты 5 бөлінеді.1.Мезенхемадан дамыған. 2.Эпидермальді(тері эктодермасынан дамыған).3.Нейральді(жүйке түтігінен дамыған).4.Целомды(спланхнотомның миоэпикардиальді пластинкасынан дамыған).5.Сомиттік (миотомнан дамыған). Алғашқы 3тобы бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасына жатса,соңғы екеуі көлденең салалы бұлшық ет ұлпасына жатады.Көлденең салалы бұлшық ет ұлпаларының негізгі 2түрі бар:қаңқа бұлшық еті және жүрек бұлшық еті.
Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының шығу тегі миотомның жасушалары-миобластар.Дифференция барысында 2 түрлі жасушалық топтар саласы қалыптасады:1-шісі-1саладағы жасушалар тобы бірігіп,ұзынша симпластар түзеді,олар бұлшық ет талшыұтары ,онда түйіршікті ЭПТ жақсы дамыған ,арнайы органоид миофибрилдер дамып талшықтар ішін толтырады,ядро шетіне ығысып,жасуша орталығы мен микротүтікшелер толық жойылып,түйіршікті ЭПТ біраз редукцияға ұшырап,дефинитивті құрылым миосимпласт пайда болады.2-шісі-жасушалара жеке дифференцияланып миосателллиттер қалыптасады.Олар миосимпласттардың үстінде орналасады. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының құрылымдық бірлігі -симпласт,ет талшықтары. Олардың сырты базальді мембранамен қоршалған,құрамында миосимпласт пен миосателлиттер бар.Ет талшығының ұзындығы сантиметрмен өлшенеді,ал ені 50-100мкм.Миосимпласттың плазмалеммасы мен базальді мембранасының құрған комплеМ ксін сарколемма деп,ал талшықтың цитоплазмасын саркоплазма деп атайды. Миосимпласттың құрылысы-миосимпласттың құрамындағы ядролар тікелей сарколемманың астында орналасқан,пішіні-сопақша ,саны 10000-нан асады .Миофибриллалар миосимпласттты бойлай ұзынннан созыла орналасып,оның негізгі бөлігін толтырады.Миофибриллалар көлденең салалы бұлшық ет пен жүрек бұлшық еттерінің сарколеммасындағы жиырылғыш жіптер,бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етеді.Олар бөліктерден тұрады.Бөліктердің жарықты өткізу қабілеті әртүрлі.Бөліктердің бірі күңгірт-жарық сәулесін жақсы өткізеді,екіншісі ақшыл-жарық сәулесін жақсы өткізеді,оларды дискілер деп атайды. Күңгірт дискілерді анизотропты немесе А дискілер ,ақшылдарын изотропты немесе І дискілер деп атайды.А дискісінің ортасынан М сызығы өтсе ,І дискісінң ортасынан З сзығы өтеді.Екі З сызығы арсындағы бөлікті саркомер деп атайды.Саркомер-миофибриллалардың жиырылатын және қайталанатын бөлігі.Сондықтан,саркомер миофибриллалардың құрылымдық және жиырылғыш бірлігі болып табылады.Ол бір-бірімен әрекеттесетін белокты жіпшелер -миофиламенттер жиынтығынан тұрады.
Миофиламенттердің 2типі бар:1.Жуан миозинді (ұзындығы 1500нм,диаметрі 10-15нм) 2.Жіңішке актинді (ұзындығы 1000-1100нм,диаметрі 5-8нм) .Сонымен қатар басқа да белоктар кездеседі (тропомиозин А,Б және парамиозин) Миосимпластта жасуша орталығы жоқ,яғни олар бөлініп ,көбеймейді.Соған байланысты бұлшық еттің регенерациясы миосателлиттер арқылы іс жөзіне асырылады.Жараланған бұлшық ет талшығына жақфн жатқан миосателллитттер бөлініп,миобластар пайда болады,жарақаттанған жерде көптеген жаңа талшықтар қалыптасады.Миосателлиттер-аз дифференцияланған жасушалар,ет ұлпасының регенерациясына қатысады.Олар миосимпласттың сыртындағы базальді мембрана мен сарколемманың арасында орналасады.Көлденең салалы бұлшық еттің құрылысы күрделі,оған шоғырлану тән.Шоғырланудың бірнеше қатары болады.Бірінші ретттік шоғырланудың арасын байланыстыратын борпылдақ дәнекер ұлпа,ол арқылы қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді.Ал,кейінгі қатарлары дәнекер ұлпасының тығыз қабатымен бірігіп,бұлшық етті тұтас қаптап тұратын тығыз қабықшаға айналады.Бұлшық ет сіңірлер арқылы сүйекпен байланысып,дене бөліктерін қимылға келтіреді. Бұлшық ет талшығының саркоплазмасында саркосома деп аталатын митохондриялар көп,оның құрамында тыныс алу процесіне қатысатын ферменттер бар.Ал,саркоплазмадағы ерігіш пигментті белок-миозин химиялық құрамы бойынша эритроциттің гемоглобиніне жақын,ол оттегін байланыстырады және қажетіне қарай бөліп беруге қабілетті.Бұлшық ет талшығын сыртынан дәнекер ұлпа -эндомизий қаптап қабат құрады.Бірнеше талшық бірігіп шоғыр түзеді,оның сыртын қаптайтын қабат -перимизий.Бұлшық еттің сыртқы қабаты эпимизий немесе фасция.
Жүректің көлденең салалы ет ұлпасы -миокард н/е жүректің етті қабаты.Шығу тегі ұрықтың мойын бөлігіндегі спланхнотомның висцеральді жапырақшасынан (мезодермадан) дамиды,оны миоэпикардиальді пластинка деп те атайды.Миокардта 2түрлі бұлшық ет болады:жұмысшы ж/е өткізгіштік.Оның негізгі бөлігін құрайтын жұмысшы бұлшық еті.Жүректің миокардындағы жасушалары-кардиомиоциттер-ұзын жасушалар,ядролары ортасында,миофибрилдері шеткі жақтарында орналасқан.Миофибрилдер көлденең жолақты ,жіңішке актиндік,жуан миозиндік протофибрилдерден тұрады.Митохондриялар өте көп-оларды саркосомалар деп атайды.Жүректің бұлшық еті өмір бойы тоқтамай қызмет атқарады.Даму барысында кардиомиоциттер бірнеше түрге ажыратылады:жиырылғыш,өткізгіш,секреторлы. Жиырылғыш кардиомиоциттер-цилиндр тәрізді,ұзындығы-150-200нм,қалыңдығы 10-20нм.Бір бірімен қыстырма дискілері арқылы байланысадығсырты базальді мембранамен қапталып,ретикулярлы коллаген талшықтарымен қоршалған.Сопақша келген ядролары кардиомиоциттердің ортасында орналасқан.Цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршіксіз ЭПТ бар. Өткізгіш кардиомиоциттер-өте ірі жасушалар,ұзындығы-100мкм,қалыңдығы 500ики,сондықтан гистологиялық препараттан оңай табылады.Жиырылғыш кардиомиоциттердің арасында орналасады.Цитоплазмасында бірнеше органеллалар бар,бірақ олардың көлденең жолақтары болмайды . Секреторлы кардиомиоциттер -ерекше қызмет атқарады.Оның жасушалары гормон бөліп ,жиырылғыш ет жасушасының қызметіне ,артериялық қан қысымына ,су мен тұздың алмасуына ,несептің бөлінуіне әсер көрсетеді.
Жүректің қабырғасы 3қабаттан тұрады:сыртқы-эпикард -жүректің сыртқы сероздық қабықшасы ,миокардпен тығыз байланысқан ,ортаңғы-миокард-жүректің етті қабаты-кардиомиоциттерден тұрады-олардың арасында борпылдақ дәнекер ұлпалар,қан тамырлары ,жүйке талшықтары бар,ішкі-эндокард-жүректің ішкі астары,құрамында эластинді талшықтар көп,бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан жіне эндотелийлен тұрады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы-миоциттерден тұрады,көлденең жолақтары болмайды.Жиырылуы біздің еркімізге тәуелсіз жүреді.Қызметін вегетативті ЖЖ реттеп отырады. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы мезенхималық,эидермальді,нейральді болып жіктеледі.Бұлшық ет жасушасы қабықшамен қапталған,оны миолемма деп атайды.Миолемма сыртқы жағынан базальді мембранамен қоршалған.Базальді пластинка механикалық функция мен жасушасынң гомеостазын сақтауда маңызды рөл атқарады.