5. Синтез (жинақтау). Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.
6. Бағалау.Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Бағалау критериийлері мазмұнның күрделілік дәрежесіне тікелей бағынышты және тапсырмалардың күрделілігіне сәйкес квалиметриялық амал (сапаны өлшеу амалы) негізінде қойылған баға ғана білім сапасының нағыз әділ көрсеткіші бола алады
№
Блум таксономиясының оқу мақсаттарының негізгі категориялары
Оқу тапсырмаларын бағалау критерийлері
1
Білу
Қолданылған терминдерді, нақты фактілерді білу;
Анықтамалар мен атауларды жатқа білу;
Жұмыстың орындалу ретін білу;
Негізгі ұғымдарды білу.
2
Түсіну
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсіну;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіру;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгерту;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттау.
3
Қолдану
Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолдану;
Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолдану;
Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсету.