І деңгей. Білу. Оқушының іс – әрекеті ми қыртысындағы ақпараттың ұзақ уақыт есте сақталуы негізінде жүзеге асады. Бұл деңгейде оқушы ақпараттарды (терминдерді, нақты деректерді, құбылыстарды, әдістерді, заңдылықтарды, заңдарды, теорияларды) жатқа біледі. Оқушының қандай түсініктерді білуі керек екенін анықтайтын деңгей. Мысалы, «Заттар массасының сақталу заңы» тақырыбын өткенде оқушы: «химиялық реакция теңдеуі» ұғымына анықтама беру; химиялық реакция теңдеуінің құрылымын жазып, қосылыстардың құрамын айту; химиялық реакцияның үш белгісін білу керек. Ал қалған бес деңгей осы ақпараттың негізінде жүзеге асады.