Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі



бет1/5
Дата06.02.2022
өлшемі19,98 Kb.
#76370
  1   2   3   4   5

Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі.

Сын тұрғысынан ойлау – бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.


Осы орайда химия пәнін оқыту кезіндегі түрлі тәсілдердің бірі Блум таксономиясына тоқталғым келеді.
Оқытуда танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері бойынша 1956 жылы американ ғалымы Бенджамин Блум өз таксономиясын ұсынды. Таксономия (грекше, taxis- орналасу, құрылыс, тәртіп және nomos- заң)- барлық оқу материалдарының белгілі бір реттілігін құрастыру мақсатында нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Блум таксономиясын сабақта тиімді қолдану арқылы оқушылардың өзіндік ой- пікірлерін еркін жеткізуді, өзіне сын көзбен қарауды, әр нәрсеге күмән келтіруді, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамытуды қалыптастырады. Блум өзінің «Таксономия» атты еңбегінде білімді игеруге қарапайымнан күрделі үрдіске бағытталған 6 когнитивтік (танымдық) аймақты атап көрсетті. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет