Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы



Дата14.12.2016
өлшемі62,91 Kb.
Ашық тәрбие сағатының жоспары
Күні: 19.02.2016жыл

Сыныбы: 8 «А»

Тақырыбы: Әсемдік сыры - әдептілікте. (Тайна красоты - на учтивости)
Тәрбие сағатының мақсаты:
Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі екенін, әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болатынын оқушыларға түсіндіру.Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ой - пікірлерін ашық әрі еркін жеткізе білуге баулу.
Тәрбие сағатының түрі: әңгіме - сұхбат, сұрақ - жауап, пікірлесу, ой толғау
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, мультимедиалық жүйе, интерактивті тақта.
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) ашық тәрбие сағатының жоспарын жасау
б) сыныпты даярлау, безендіру
2. Тәрбие сағатының мақсаты мен міндетін анықтау.
3. Тәрбие сағатын ашу.
4. Тәрбие сағатын жүргізу
5. Тәрбие сағатын қорытындылау

1.Әдеп сөзінің мағынасын ашу.

2.Сұрақтар.

3.Сөзжұмбақтар.

4.Мақал – мәтелдер.

5.Сауалнама.

6.Қорытынды.

Ашық сабақ тақырыбы: «ӘСЕМДІК СЫРЫ - ӘДЕПТІЛІКТЕ».
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз - дей келе Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар 8 «А» сыныбының «Әсемдік сыры - әдептілікте» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашан керегің.
Әсемпаздық дегенің,
Әуре салсаң әлегің - дей келе сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар!

Қазіргі жастардың әдептілік деңгейі қандай? Және олар қалай амандасады? деген сұраққа жауап алу үшін экранға назар аударайық (бейнекөрініс).

І.Әдеп сөзінің мағынасын ашу.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

«Әкеңмен ақылдас»,

«Әкең біледі»,

«Әкеңнің айтқанын істе»


Әкем менің әрқашан,

Кішіпейіл бол дейді.

Ақыл сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Әкем менің әрқашан

Бол дейді бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда,

Қаншама дос бауыр бар.

Әкем менің әрқашан бол дейді тілалғыш.

Үлкендерден содан да

Алып жүрем көп алғыс.

Әкем менің әрқашан

Мейірімді бол дейді.

Жасы үлкенге жол берем.

Әкем менң әрқашан

Ынтымақшыл бол дейді.


Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ .




ІІ.Сұрақтар.Тақырыбымыз әдептілік туралы болғандықтан, біз сіздерден мына сұрақтарға жауап алсақ дейміз:
- Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?

- Әдептілікті бізге кім үйретеді?


(оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты болады. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі, оған айналасындағы адамдар, қоғамдық институттар отбасы, мектеп, т. б әсер етеді. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде, білесің.
Әдепті әсемдіктен бөліп қарауға болмайды. Орыстың атақты әдебиет сыншысы, әрі эстет В. Г. Белинский: « Сұлулық - шындықпен ж/е моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол, сөз жоқ, әдеп - инабаттық жағынан да құнды болады»- дейді.
Кісінің киген киімі, шаш қойысы, түр - түсі оның қайталанбас өзіндік келбетін қалыптастырады. Орыстар: «Киіміне қарай қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» десе, қазақтар: «Танылған жерде ой сыйлы, танылмаған жерде тон сыйлы» деген ғой. Адам ажарлы, ақылды, қайратты, сымбатты болуы мүмкін, бірақ ол әдепті болмаса, пәс, көргенсіз кісіге саналады.

ІII. Сөзжұмбақ.
1. Анаңның анасы саған кім?(әже)
2 .Оң аяқ, сол аяқ . Кезек оны тебеді. (доп)
3. Ең жақсы баға .( бес)
4. Жеті күн. ( апта)
5. Мектептегі екінші анаң.(ұстаз)
6.Бірлік болмай (тірлік)болмас.
7. Ешкінің төлі (лақ)
8. Сүттен жасалатын тағам.(ірімшік)
9. «Ата ...... оқ жонар,Ана ...... тон пішер». «Әдептілік» деген сөз шықты.

1. «.....қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» (Әкеге)

2. Қазақтың ұлттық аспабы . ( домбыра )

3. Ердің сыншысы-(ел)


4. Білім ордасы не? (мектеп)
5. Аңдардың жүріп өткен жолы ? (із)
6. Бала тілі - (бал)
7. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
8. Өз жұмыртқасын тастап кететін құс. (көкек) «Әдемілік» деген сөз шықты.

Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп - инабат нормасы болып табылады.

Қазақта басқа халықтар сияқты, жүздеген тыю заңдары бар. Мәселен, ішіп отырған құдығыңа түкірме; нанның үстіне зат қойма, нанды теппе, тұзды баспа; үйге жақындағанда жүгірме; жасы үлкеннің алдын кеспе, төрде одан жоғары отырма, сөзін бөлме; бос бесікті тербетпе; үйде отырып ысқырма; бас киіміңді аяқ асты тастама және т. б.
Осы тыю заңдарының өзі жинақталып келіп, ұлттық ерекшелігімізді, мәдениетімізді, имандылығымызды, инабат жоралғыларын сақтауға қызмет етті. Бұлар да ұлттық әдеп көрсеткіштері құрамына кіреді.
Әдепті бала ата - анасын төрге сүйрейді,
Әдепсіз бала ата - анасын көрге сүйрейді – демекші мына бейнекөрініске назар аударайық! (экранда көрініс «Соқыр ана»).

ІV.Мақал – мәтелдер. (Әдептілік туралы)
1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала ауыздықтанған атпен тең ,

Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.


4.Әдептің не екенін ,әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңілі әдепті.

6.Кәріге құрмет ,балаға міндет.

7 Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені

8. Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер.

9.Кішіпейілділік –кісіліктің белгісі.

10.Әдепті бала ата-анасын мақтатар ,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

V. Сауалнама.

1. Автобуста сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.Не істер едіңіз?


2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?
4. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.
5.Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
6.Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?


Әрбір жеткіншек ұрпақ туған халқының әдеп - инабат тағылымын бойына сіңіріп өсуге тиіс. Сонда ғана біз елімізді алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарынан көре аламыз. Болашақ біздің қолымызда!!!
Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> «Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Рухани астана


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет