Блум таксономиясының деңгейлері бойынша тапсырмалар Тақырыбы



бет2/2
Дата16.07.2024
өлшемі117,51 Kb.
#203586
1   2
Байланысты:
блум

I. Білу деңгейі
1- тапсырма. Әңгіменің авторы
2- тапсырма. Әңгімені толық оқып шығыңыз.
3- тапсырма.Әңгіме аптаның қай күнінен басталады?
II. Түсіну
1-тапсырма. Әңгіменің мазмұндап шығыңыз.
2-тапсырма. Аурелио Эсковар мен ұлының алғашқы диалогын мәтіннен тауып жазыңыз.
3-тапсырма. Тіс дәрігері мәтінде кімдермен сөйлесті?


III. Қолдану
1-тапсырма. Дәрігер мен лейтенат Алькардты салыстырыңыз.
2-тапсырма. Мәтінде неше кейіпкерлер бар және оларды атаңыз.
3-тапсырма. Тіс дәрігері Аурелио Эсковарды сипаттап беріңіз.


IV.Талдау
1-тапсырма. Берілген сөйлемдегі бос орындарды толтырып шығыңыз.
……. жауап қатқан жоқ. Жұмыс үстеліне қайнатылған ……салынған кәстрөлді әкеліп қойды да, оларды сол сабырлы қалпында бір-бірлеп суық ……суырып шығара бастады.
2-тапсырма. Адасқан сөйлемдерді орнына қойып, дұрыс жазыңыз.
Доктор ақырын ғана тісті қозғап көрді. Аяғының тарамысы тартылып, белінің сырқырап суынып бара жатқанын сезінген алкальд креслоның білексаларына жабыса қалды, бірақ тырс етіп үн шығарған жоқ.Доктор аяқтарын нығыздай басып тұрып, тіске ыстық тіреуікті салды. Төменгі ақыл тісі ауырған екен.


V. Жинақтау
1-тапсырма. Әкесі Аурелио мен ұлының осы диалогын өз нұсқаңызда қалай өзгертер едіңіз?
– Папа!
– Не?
– Алкальд сенен тісімді жұлып берер ме екен деп сұрайды.
– Мені жоқ дей сал.
– Ол сенің даусыңды естіп қойды, сені осында дейді.
– Тіпті жақсы
– Папа!
– Не?
– Тісін жұлып бермесең, алкальд сені атып тастаймын дейді.

2-тапсырма.Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді жинақтап, орнын толтырыңыз.


Алкальд иeгіндe ... түбірінің күтір eтe қалғанын сeзінді, кeлeсі сәттe көзін ... жауып кeтті. ... жұтуға қарманды, бірақ тісінің жoқ eкeнін сeзінгeншe бұған дәрмeні жeтпeді. Сoнда ғана oл жас тoлы жанарлары арқылы ... салуға жарады.
Кілт сөздер: тіс, алтын, сандық, жас, дәрігер, су, үй, Ауа, саймандар, кресло, көз, Алкальд.


VI. Бағалау. «Тазалық» ойыны
Оқушылар мәтін бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салады. Мәтіндегі керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салады. Әңгімені әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салады.

  1. Ч
    емодан.

2.Қоқыс жәшігі.

3. Еттартқыш





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет