Бм математикасын оқыту теориясы мен технологиясы педогогикалық ғылым ретінде


Математиканың бастауыш мектептің басқа да оқу пәндерімен байланысы



бет3/5
Дата11.12.2021
өлшемі18,17 Kb.
#79147
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта

Математиканың бастауыш мектептің басқа да оқу пәндерімен байланысы

1.Пәнаралық байланыстың педагогикалық, психологиялық негіздері

Қазіргі заманғы ғылымның барлық бағыттары өзара тығыз байланыста,
сондықтан да мектептегі оқу пәндері де бір-бірімен байланысты. Пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру материалды оқуда қайталауды жояды, уақыт
үнемдейді және оқушылардың жалпы ғылыми білім мен біліктілігін
қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Пәнаралық байланыстар: біріншіден, бағдарламалар мен оқулықтар арасындағы өзара келісушілікті; екіншіден, әртүрлі пәндер мұғалімдерінің жұмыс жүйесіндегі келісушілікті және сабақ барысында заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды; үшіншіден, басқа пәндерде игерген білімдерін қайта жаңғыртып, оларды өтілетін жаңа материалға қолдана алуға байланысты оқушылардың ойлау іс-әрекетін алдын ала ескереді.

Пәнаралық байланыстың мәні

– сабаққа деген қызығушылықты арттыруға жағдай жасайды;

–пәнге деген қызығушылықты арттырады;

–сыбайлас облыстардың білімдерінің арасындағы қызығушылықты
тереңдетеді;

–танымдық іскерліктер өзгереді:

а) оқу жұмысының жалпы пәндік іскерліктері дамиды;

б) сыбайлас пәндерде оқылатын материалды талдай алу, салыстыру
іскерлігі жетілдіріледі;

в) білім мен іскерлікті бір пәннен басқа пәнге көшіру іскерлігі қалыптасады;

г) бағалай алу іскерлігі қалыптасады, яғни практикалық есептерді
шығару үшін бірнеше пәндердің арасынан қажетті білімді таңдау және
қолдана алу іскерлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет