Математиканың бастауыш мектептің басқа да оқу пәндерімен байланысы
1.Пәнаралық байланыстың педагогикалық, психологиялық негіздері
Қазіргі заманғы ғылымның барлық бағыттары өзара тығыз байланыста,
сондықтан да мектептегі оқу пәндері де бір-бірімен байланысты. Пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру материалды оқуда қайталауды жояды, уақыт
үнемдейді және оқушылардың жалпы ғылыми білім мен біліктілігін
қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды. Пәнаралық байланыстар: біріншіден, бағдарламалар мен оқулықтар арасындағы өзара келісушілікті; екіншіден, әртүрлі пәндер мұғалімдерінің жұмыс жүйесіндегі келісушілікті және сабақ барысында заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды; үшіншіден, басқа пәндерде игерген білімдерін қайта жаңғыртып, оларды өтілетін жаңа материалға қолдана алуға байланысты оқушылардың ойлау іс-әрекетін алдын ала ескереді.
Пәнаралық байланыстың мәні
– сабаққа деген қызығушылықты арттыруға жағдай жасайды;
–пәнге деген қызығушылықты арттырады;
–сыбайлас облыстардың білімдерінің арасындағы қызығушылықты
тереңдетеді;
–танымдық іскерліктер өзгереді:
а) оқу жұмысының жалпы пәндік іскерліктері дамиды;
б) сыбайлас пәндерде оқылатын материалды талдай алу, салыстыру
іскерлігі жетілдіріледі;
в) білім мен іскерлікті бір пәннен басқа пәнге көшіру іскерлігі қалыптасады;
г) бағалай алу іскерлігі қалыптасады, яғни практикалық есептерді
шығару үшін бірнеше пәндердің арасынан қажетті білімді таңдау және
қолдана алу іскерлігі.