Бм математикасын оқыту теориясы мен технологиясы педогогикалық ғылым ретінде


Математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері



бет4/5
Дата11.12.2021
өлшемі18,17 Kb.
#79147
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта

2.Математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Математика оқытудың мақсаттары, міндеттері.



Мақсаттары

1. Білім беру

2. Тәрбиелеу

3. Өмірлік -практикалық білім - дағды дарыту

1. Математиканы оқытудың білімдін мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу нәтижесінде оқушылардың ақыл ойы дамиды.

2. Тәрбиелік мақсат - математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы сәттерді пайдалану болып табылады.

Тәрбиенің кейбір негізгі түрлері:

а) оқушыларда ғылыми дүние танымын қалыптастыру (Тарихи - математикалық мағлуматтар көмегімен)

б) Шәкірттерде озық моралдық қасиеттерді қалыптастыру (саналы тәртіп, белсенділік, қиындықты жеңе білу бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, табандылық адалдық, жауапкершілік т.б.)

в) Математика сабағында - патриотизм және интернационализм рухында тәрбилеу (Ал-Фараби, әл-Хорезми т.б.)

г) Эстетикалық тәрбие (әдемілік) фигуралардың қасиеттері, симметрия. Ең әсем шешуін табу.

3. Өмірлік -практикалық мақсат

а) өмірлік -практиканың қарапайым есептерін шешуге физика, химия, сызу, ақпараттану т.б. пәндерді оқып үйренуге пайдалану білу;

б) математикалық құралдармен аспаптарды пайдалана алу;

в) шәкірттердің өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету ;

г) политехникалық оқуды жүзеге асыруға қолтабыс тигізу.


Міндеттері

1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін қалыптастыру

2. Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету.

3. Оқушыларда қисынды (логикалық) пікірлеу қабілетін қалыптастыру.

4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету 5.Оқушыларды еңбекке баулу, сана тәртіптілігі, еңбекті нақтылай ұйымдастыру, пікірді бір орынға топтау және нақтылауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет