Бм математикасын оқыту теориясы мен технологиясы педогогикалық ғылым ретінде



бет2/5
Дата11.12.2021
өлшемі18,17 Kb.
#79147
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта

Курстың обьектісі – бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102- бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес жоғары кәсіби педагогикалық білімнің құрамдасы ретіндегі әдістемелік-математикалық білім.

Курстың пәні – 050102 – БОПӘ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің математиканы оқыту теориясы мен технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.

2.Курстың басқа ғылым салаларымен (философия, логика, математика, педагогика, психология және физиология) байланысы

Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы оқыту пәні ретінде қарастыратын, әртүрлі жастағы оқушы топтары үшін математиканы оқыту процесі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Өзінің зерттеулерінде және жасайтын қорытындыларында, ол, философия, педагогика, психология және математикамен, оны зерттейтін ғалымдар мен оқытушылардың жалпыланған іс-тәжірибесімен тығыз байланысты болады.

Математиканы оқыту әдістемесі философияның, педагогика мен психологияның, басқа да ғылым саласының табыстарын қолданып, өзіндік әдістемелік жүйені құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет